ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры, Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

1960 – 1969 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973 – 1977 жылдары - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977 – 1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.

1979 – 1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 жылдың 24 сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.

1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті.

Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жетті.

1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Қазақстан Халқы ассамблеясының төрағасы. Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.

Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.