Жаңалықтар
09/03/2010
Қытай Жерді қашықтықтан зондтайтын жерсерік ұшырды
Қытайдың Цзюцюань ғарыш айлағынан Жерді қашықтықтан зондтайтын «Яогань-9» жерсерігімен Чанчжэн- 4С зымырантасымалдағышы ұшырылды.

Қытайдың ғарыш технологиялары бірлестігі жанындағы Ғарыш технологиялары институты жасаған жерсерік жерді және табиғи ресурстарды зерттеуге, ғылыми тәжірибелер жүргізуге, ауыл шаруашылығы өнімдерін бағалауға және табиғат апаттарымен күресуге арналып отыр.

2010 жылы Қытай 15 зымырантасымалдағыш ұшыруды жоспарлауда. Бұл туралы Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің 3-ші сессиясының делегаты, Қытайдың зымыран техникасы зерттеу институты парткомының хатшысы Лян Саохун мәлім етті.

Синьхуа агенттігі