ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі-2009

«Халық денсаулығы – Қазақстан байлығы»
әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі-2009

2009 жылдың 19–20 наурыз күндері Алматы қаласында «Халық денсаулығы – Қазақстан байлығы» атты 5-ші республикалық
әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесі болып өтті.

Жәрмеңке «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» қоғамдық қорының, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Жаңа саясат халықаралық институтының бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.

Жәрмеңкенің мақсаты: Қазақстандағы аса маңызды әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелердің шешімін табу ісіне жұртшылықты тарту, қоғамдық бірлестіктер мен басқа да мемлекеттік емес бейкоммерциялық ұйымдардың әлеуметтік азаматтық бастамаларына қолдау көрсету және ынталандыру, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын нығайту және дамыту.

Жәрмеңкеге Қазақстанның барлық аймағынан, көршілес Қырғыз елі мен Ресей Федерациясынан 140-тан астам адам қатысты. Қатысушылар жәрмеңке аясында өткен жобалар көрмесінің, дөңгелек үстелдер мен шеберлік дәрістерінің барысында өздерін мазалаған мәселелерді ортаға салып, ой-пікір бөлісті, өзара тәжірибелер мен идеялар алмасып, жаңа серіктестер табуға мүмкіндік алды.

Биыл жәрмеңке аясында өткізілген әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауына халықты әлеуметтік-құқықтық қорғау, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту ісіне көмектесу, азаматтық бастамаларға қолдау көрсету және белсенділігін арттыру, азаматтық қоғам институттарын нығайту және дамыту, азаматтық құқықтарды қорғау мәселелеріне арналған 148 жоба түсті. Байқау төмендегідей номинациялар бойынша өткізілді:

1. «Білім және қоғам».
2. «Ұлттың рухани байлығы – қоғам кемелдігінің кепілі».
3. «Маңызды мәселелер – оңтайлы шешімдер».
4. «Қоршаған орта тазалығы – дамудың негізі».
5. «Бәріміз бірге – салауатты өмір салты үшін».
6. «Жақыныңа жәрдемдес».
7. «Берік отбасы – берекелі қоғам».
8. «Жастар бастамалары».
9. «Халық денсаулығы – адам ғұмырының ұзақтығы».
10. «Көмек қолын созайық».

Жобаларды ҚР Парламентінің және мәслихаттарының депутаттарынан, ҮЕҰ-дың, халықаралық ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың өкілдерінен құрылған сараптау комиссиясы қарап, бағалады. Комиссия мүшелері басшылыққа алған негізгі бағалау өлшемдері: идеяның немесе жобаның әлеуметтік маңыздылығы, өзектілігі, әлеуметтік мәселелердің шешімін табудағы жаңашылдығы, жобаны жүзеге асырудың ресурстық және кадрлық мүмкіндіктері, экономикалық тиімділігі және т.б.

Сараптау комиссиясы мүшелерінің шешімі бойынша «Халық денсаулығы – Қазақстан байлығы» атты әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздары болып танылғандар:

1. «Білім және қоғам» номинациясы бойынша – «Алматы экономика және статистика академиясы» мекемесі (Алматы қаласы), «ЛотосKZ» жастар ұйымы» жастар қоғамдық бірлестігі (Қызылорда қаласы).

2. «Ұлттың рухани байлығы – қоғам кемелдігінің кепілі» номинациясы бойынша – «Казахстанская правда» газеті атындағы халықаралық майдандық клубы (Алматы қаласы), «Жамбыл жастары» қоғамдық бірлестігі (Тараз қаласы), «Ақиқат нұры» қоғамдық бірлестігі (Қызылорда облысы, Тасбөгет ауылы).

3. «Маңызды мәселелер – оңтайлы шешімдер» номинациясы бойынша – «Әлеуметтік, психологиялық зерттеулер және дәрігерлік-психологиялық «Әлеумет» көмек көрсету орталығы» мекемесі (Өскемен қаласы), «Аман-саулық» қоғамдық қоры (Алматы қаласы), Қазақстан Республикасының Диабет ассоциациясы (Алматы қаласы), «Шын жүректен» қоғамдық қоры (Алматы қаласы), «Аманбөктер ауылы аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару» қоғамдық бірлестігі (Сарқан ауданы, Аманбөктер ауылы).

4. «Қоршаған орта тазалығы – дамудың негізі» номинациясы бойынша – «Бірлестік» қоғамдық қоры (Семей қаласы).

5. «Бәріміз бірге – салауатты өмір салты үшін» номинациясы бойынша – «Дәрігерлер есірткіге қарсы» бейкоммерциялық мекемесі (Павлодар қаласы), «Қостанай облысындағы колледждердің «РИТМ» жастар қоғамдық бірлестігі (Қостанай қаласы).

6. «Жақыныңа жәрдемдес» номинациясы бойынша – «Мадонна» қоғамдық қоры (Павлодар қаласы).

7. «Берік отбасы – берекелі қоғам» номинациясы бойынша – «Открытая школа» қоғамдық білім қоры (Алматы қаласы), Ара шаруашылығын қолдау және дамыту жөніндегі қоғамдық қор (Алматы облысы, Есік қаласы).

8. «Жастар бастамалары» номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталған жоқ.

9. «Халық денсаулығы – адам ғұмырының ұзақтығы» номинациясы бойынша – «Здоровая Азия» онкологиялық ауруларды қолдау қоғамдық қоры (Алматы қаласы).

10. «Көмек қолын созайық» номинациясы бойынша – Марат Оспанов атындағы қоғамдық қор (Алматы қаласы), «Астана қаласындағы мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Жерлес» қоғамдық қоры (Атырау қаласы), «Дара» жекеменшік қоры (Алматы қаласы).

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің ұйымдастырушыларының және серіктестерінің шешімі бойынша «Кітапқұмар» қоғамдық бірлестігі (Өскемен қаласы) мен «Шырақ» мүгедек әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігіне (Алматы қаласы) арнайы сыйлықтар тапсырылды.

Жәрмеңке жеңімпаздары дипломдармен марапатталды. Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысушылардың бәріне алғыс хат табыс етілді.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің аясында ҮЕҰ, мемлекеттік ұйымдардың және бизнес- құрылымдардың өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік жобалардың тұсаукесер көрмелері, дөңгелек үстелдер (үш) және шеберлік дәрістері (төрт) өткізілді. Дөңгелек үстелдердің тақырыптары: «Медицина бәрі үшін», «Салауатты өмір салты – мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаты», «Қазақстандағы әлеуметтік жетімдік мәселесін шешудің жолдары»; шеберлік дәрістерінің тақырыптары: «ҮЕҰ-дың табыстылық кепілі», «ҮЕҰ-дың дағдарыс жағдайындағы тұрақтылық стратегиясы», «Бейкоммерциялық ұйымдарға салық салу ерекшеліктері», «Еріктілік - әлеуметтік белсенділіктің бір түрі».

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің қорытындылары бойынша «Бюллетень МИСП» журналының жәрмеңке аясында өткен қызықты шаралар мен өзекті жобаларға, барлық қатысушыларға арналған арнаулы саны жарыққа шығарылады.