ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі
 

ӘЛЕУМЕТТІК ИДЕЯЛАР МЕН ЖОБАЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

2008 жылдың 27-28 наурыз аралығында жыл сайын өтетін 4-ші «Әлеуметті жауапты мемлекет – қуатты Қазақстан» әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесі өтті. Шараны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрлігі, Халықаралық қазіргі саясат институты, Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – азаматтық қоғамның және институттарының жандануына, нығаюына көмектесу, коммерциялық емес ұжымдардың жетістіктерімен мүмкіндіктерін, әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған жаңа технологияларымен әдістерін көрсету. Жәрмеңкенің негізгі міндеті коммерциялық емес ұйымдардың кәсіби біліктілігін арттыруға көмектесу, әлеуметтік серіктестік механизмін жетілдіріп іске асыру, мәселені шешуге жаңа жолдармен әдістер іздеу болып табылады.

Жәрмеңкенің ашылуына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директоры Бектас Мұхамеджанов, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Бейбіт Исабаев, Қазақстандағы Канаданың Төтенше және Өкілетті Елшісі Маргарет Скок, «Нұр Отан» ХДП-ның Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Нұрғалиев, «Нұр Отан» ХДП-ның Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Желдібаев және бизнес-ұжымдарымен мемлекеттік құрылымдардан өкілдер қатысты.

4-ші әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесіне Қазақстанның барлық аймағынан сондай-ақ, Ресей, Қырғызстан және Германиядан барлығы шамамен 130 мекеме қатысты. Жәрмеңкеге барлығы 170 ұсыныс-өтініштер түскен. Сарапшы комиссияның шешімімен ең қызықтылары таңдалып алынып, байқауға қатысты. Баға берудің негізгі шарттары: идеяның немесе жобаның әлеуметтік маңыздылығы, өзектілігі, әлеуметтік проблеманы шешудегі жаңашылдық әдісі, идеяның ресурсты және кадрлі іске асу мүмкіндігі, экономикалық мақсаттылық және т.б.

Жәрмеңкенің әлеуметтік маңызды жобаларының байқаулық бағдарламасында, елдің әлеуметтік-құқығын қорғауға, әлеуметтік икемделуге және мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеуге, азаматтардың бастамаларын іске асыру және қолдау, азаматтық қоғам институтарының дамуына, нығаюына, азаматтық құқықты қорғауға бағытталған бірнеше номинациялар жарияланды:

1. «Сенің азаматтық ұстанымың».

2. «Мүмкіндігі тең қоғам».

3. «Көмек қолы».

4. «Ең азаматтық БАҚ».

5. «Қазақстанға - Әлеуметтік жауапты бизнес».

6. «Құқық мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін».

7. «Жастар бастамасын қолдау».

8. «Дені сау адам – сәтті қоғам».

9. «Білім. Ғылым. Инновациялар».

Сарапшылар комиссиясының шешімімен әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесінде «Әлеуметтік жауапты мемлекет – қуатты Қазақстан» номинациясында жеңіске жеткендер:

1. «Сенің азаматтық ұстанымың» номинациясы бойынша – «Аман-Саулык» ҚҚ ( Алматы қаласы).

2. «Мүмкіндігі тең қоғам» номинациясы бойынша – «Алматы қалалық мүгедектер қоғамы» АҚ (Алматы қаласы).

3. «Көмек қолы» номинациясы бойынша – «Ақ көгершін»ҚҚ - Мүгедек балалармен аналар сауықтыру орталығы (пос. Шиелі, Қызылорда обл.).

4.« Ең азаматтық БАҚ» номинациясы бойынша – №36-шы экологиялық бағыттағы жалпы білім беру орта мектебі (Павлодар қаласы).

5. «Қазақстанға - Әлеуметтік жауапты бизнес» номинациясы бойынша – «Қарағанды облыстық ерікті мүгедек-спортшылар қоғамы» ( Қарағанды қаласы).

6. «Құқық мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша – «Ерлік» мүгедектер-сүйеніштері қоғамдық бірлестігі ( Талдықорған қаласы).

7. «Жастар бастамасын қолдау» номинациясы бойынша – Балалар-жасөспірімдердің «Болашақ» клубы мемлекеттік емес қоғамдық бірлестігі ( Өтеген батыр ауылы, Іле ауданы, Алматы обл.).

8. «Дені сау адам – сәтті қоғам» номинациясы бойынша – «Книголюб» ( Өскемен қаласы).

9. «Білім. Ғылым. Инновациялар» номинациясы бойынша – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ( Павлодар қаласы).

Посмотреть галерею победителей Ярмарки социальных идей и проектов...

Жәрмеңкеде жеңіске жеткендерге құнды сыйлықтар және дипломдар табыс етілді. Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысушылардың барлығына алғыс хаттар берілді. Бұған қоса Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жәрмеңкеге қатысушы мына ұжымдардың жобаларын қаржыландыруды мақсат етті:

1. «Сенің азаматтық ұстанымың» номинациясы бойынша - «Азаттық» Қоғамдық Қорының Қызылордалық филиалы (Қызылорда қаласы)

2. «Жастардың жаңа бастамаларын қолдау» номинациясы бойынша - «Әлем мәдениеті» жас өнер қайраткерлерінің клубы (Алматы қаласы)

3. «Білім. Ғылым. Инновация» номинациясы бойынша - «Әлеумет» әлеуметтік - психологиялық зерттеулер және медико – психологиялық көмек Орталығы (Өскемен қаласы)

4. «Білім. Ғылым. Инновация» номинациясы бойынша - «Акбота» Қоғамдық Қоры (Ақмола облысы, Вячеславка селосы)

5. «Көмек қолы» номинациясы бойынша - «Медеу аудандық ерікті мүгедектер қоғамы» (Алматы қаласы)

6. «Көмек қолы» номинациясы бойынша - «Дәрігерлер нашақорлыққа қарсы» коммерциялық емес ұйымы ( Павлодар қаласы)

7. «Тең мүмкіндікті қоғам» номинациясы бойынша - «Алматы қалалық мүгедектер қоғамы» (Алматы қаласы)

8. «Тең мүмкіндікті қоғам» номинациясы бойынша - ОО «Мүгедек әлемi» (Атырау қаласы)

9. « Ең азаматтық БАҚ» номинациясы бойынша – № 36-шы экологиялық бағыттағы жалпы білім беру орта мектебі (Павлодар қаласы)

10.«Жастардың жаңа бастамаларын қолдау» номинациясы бойынша – мемлекеттік емес «Болашақ» балалар - жеткіншектер қоғамдық бірлестік клубы (Алматы облысы, Іле ауданы, Отеген батыр ауылы)

11. «Дені сау адам – сәтті қоғам» номинациясы бойынша – «Книголюб» қоғамдық бірлестігі (Өскемен қаласы)

12. «Құқық мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша - «Ерлік» мүгедектермен-қамқоршылар қоғамдық бірлестігі (Талдықорган қаласы)

13. «Тең мүмкіндікті қоғам» номинациясы бойынша - «АДОН-Север» қоғамдық бірлестігі (Петропавл қаласы)

14. . «Дені сау адам – сәтті қоғам» номинациясы бойынша – «Казахстан. Здоровое поколение» қоғамдық бірлестігі ( Қараганды қаласы)

15. «Көмек қолы» номинациясы бойынша – «Ақ көгершін» Қоғамдық Қоры - Мүгедек балалармен аналар сауықтыру орталығы (пос. Шиелі, Қызылорда обл.).

16. «Білім. Ғылым. Инновация» номинациясы бойынша - «Жамбыл» Қоры ( Алматы қаласы).

Посмотреть галерею организаций-участников Ярмарки, которые будут профинансированы Фондом Первого Президента Республики Казахстан...

Әлеуметтік идеялармен жобалар Жәрмеңкесінде ұйымдастырушылар мен серіктестердің арнайы сыйлықтары мына жобаларға белгіленді:

1. «Балалар орталығы «Арман» Қоғамдық қоры (Қостанай облысы, Тохтаровоауылы)

2. «Спешиал Олимпикс Казахстан» Республикалық қоғамдық қайырымдылық бірлестігінің Батыс Қазақстандағы филиалы ( Орал қаласы )

3. «Умай» балаларды емдеу-тәрбиелеу жетімханасы ( Қызылорда қаласы)

4. «Возрождение» Қазақстандағы неміс қоғамдық бірлестік Қауымдастығы (Алматы қаласы)

5. «Намыс» жоғарғы білімі бар мүгедектердің қоғамдық қоры ( Алматы қаласы)

6. № 2 – ші арнайы жүре алмайтын ауру балаларға арналған мектеп-интернаты ( Алматы қаласы).

Посмотреть галерею награждения специальными призами...

Әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесі аясында көрме – тұсаукесерлер, 3 дөңгелек үстелдер және мына тақырыптар бойынша: «2006–2011 жылдарға Қазақстан Республикасы қоғамының азаматтық даму тұжырымдамасы: жолдары мен механизмдері», « мемлекетте әлеуметтік жағдайы төмен жік үшін білімнің қол жетерлік болуы», «Заң шығару базасын қайырымдылық аймағында меценаттықта жетілдіру», «мемлекеттегі әлеуметтік тапсырыс тәртіптерін қалыптастыру», « азаматтық бастамалардың жандануы.

Қазақстанның ұсынатын үлгісі Ресей мен Германия», «Жастарды волонтерлік қызметке тарту», «елге ақылы қызмет көрсетуді қалай бастау керек», « Азаматтық қоғамның бәсекеге қабілетті болуы – бәсекеге қабілетті мемлекет», « Өкіметтік емес ұйымдарда жіберілетін 12 ең көп тараған қатеден қалай құтылуға болады» 7 шеберлік-кластары өткізілді.

Дөңгелек үстелдерге және шеберлік–кластарына өкіметтік емес ұйымдар өкілдері, мемлекеттік құрылым және бизнес – ұжымдар өкілдері қатысты.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша Жәрмеңке аясында өткен іс-шаралар мен қызықты жобаларға арналған «Бюллетень МИСП» арнайы журналын шығару жоспарлануда.