ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің арасындағы «Көңілді жарыстар» спорт сайыстары

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің арасындағы «Көңілді жарыстар» спорт сайыстары

2009 жылдың 31 қаңтарында сағ. 10:00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры «Инвест-Қор» МБД» ЖШС-мен бірлесіп «Көңілді жарыстар» спорт мерекесін өткізеді. Мерекеге жетім балалар, ата-анасының қарауынсыз қалған жеткіншектер, Алматы қаласы мен облысындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатысады.

Аталған шараның бағдарламасында спорттық сайыстардың спорт эстафетасы (доппен ойнау, жіп арқылы секіру, шығыршықпен айналу, қаппен жүгіру), дартс, баскетбол, арқан тарту, жанкүйерлер байқауы және тағы да басқа түрлері қамтылған.

«Көңілді жарыстардың» басты мақсаты – балалар үйлері тәрбиеленушілерінің спортқа деген қызығушылығын ояту, денешынықтырумен және спортпен тұрақты түрде айналысуға тарту, жеткіншектердің бойында жылдамдық, шапшаңдық және күштілік сияқты қасиеттерді жетілдіру.

Жарысқа қатысушылардың спорттық дайындық деңгейін құрамында Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина бар қазылар алқасы бағалайтын болады.

Жүлделі орындарға ие болған командалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Өтетін жері: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 159 (Розыбакиев көшесімен қиылысы), ЦСКА СК (бұрынғы АДК спорт кешені)

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:

(727) 270-05-47, 270-05-27, моб. 8-701-744-5107, Совет Сейітов;

(727) 246-88-95, моб. 8-777-588-1134, Қанат Жұмабаев.