ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының демеушілік көмегімен жарық көрген кітаптардың тұсаукесері

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының демеушілік көмегімен жарық көрген кітаптардың тұсаукесері

27 ақпанда сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының ғимаратында Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ф.Волковтың «Волоколамскден Берлинге дейін» және К.Әбеновтың «Ұлы Отан соғысы менің өмірімде: 60 жыл өткен соң» атты естеліктерінің, «Қазақстанның жас композиторларының фортепианолық шығармалары» атты жинақтың және Б.Мұхамеджановтың жетекшілігімен құрастырылған «Еуропалық одақ елдеріндегі, Ресей мен Қазақстандағы өмір сапасының стандарттары» атты ақпаратты-талдау жинағының тұсаукесері өтті.

Аталған кітаптар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қаржылық қолдау көмегінің арқасында жарыққа шығарылды.

Әрқайсысы 500 данамен «Жібек жолы» баспасынан жарық көрген бұл шығармалар республика кітапханаларына, жалпы білім беретін мектептерге, өлкетану мұражайларына, қоғамдық және ардагерлер ұйымдарына тарту етілді.

Тұсаукесер рәсіміне кітап авторлары, соғыс ардагерлері, редакциялық шығарушы топ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Тұсаукесердің басты мақсаты – жастарды отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеу ісіне жұртшылықтың назарын аудару, әлеуметтік, мәдени және ағартушылық бағыттағы, танымдық маңызы жоғары шығармалармен кеңірек таныстыру.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Махатма Ганди көшесі, 10, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры.

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:

(727) 270-05-27, 270-04-17, моб. 8-701-418-1599, Гүлнара Ершіманова.