ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Меморандум

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры, Халықаралық әлеуметтік-экономикалық және саясаттанушылық зерттеулер қоры (Горбачев-Қоры) мен Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н.Ельциннің Қоры арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды

Әріптестік қарым-қатынастарды құру, көп жақты негізде бірлескен жобаларды талқылау және іске асыру мақсатымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры, Халықаралық әлеуметтік-экономикалық және саясаттанушылық зерттеулер қоры (Горбачев-Қоры) мен Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н.Ельциннің Қоры арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды.

Меморандумға сәйкес жақтар бірлескен зерттеу жобаларды жүзеге асыру, семинарларды, симпозиумдарды, конференцияларды және шараларды ұйымдастырып, оларға қатысу, басқа бірлескен жобаларды іске асыру, тәжірибемен алмасу, жас ғалымдардың сынақ мерзімін өткізу және т.б. туралы келісті.

Аталған құжат Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының, Халықаралық әлеуметтік-экономикалық және саясаттанушылық зерттеулер қоры (Горбачев-Қоры) мен Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н.Ельцин Қорының демократиялық құндылықтарының, қоғам өміріндегі гуманистік идеялардың бекітілуіне, сарапшылар мен қоғам арасындағы ашық диалогтың нығайтылуына, азаматтық қоғамды дамыту үшін ғылыми зерттеулердің нәтижелерінің пайдалану талабына, мәдениеттің, ағарту мен ғылымның дамуына, қайырымдылық әрекеттің іске асырылуына бағытталған басты міндеттеріне сәйкес келеді.

Халықаралық әлеуметтік-экономикалық және саясаттанушылық зерттеулер қоры (Горбачев-Қоры) туралы

Халықаралық әлеуметтік-экономикалық және саясаттанушылық зерттеулер қоры (Горбачев-Қоры) 1991 жылы желтоқсанда ССРО-ның Президенті Михаил Сергеевич Горбачевпен құрылды.

Горбачев-Қоры өз қызметін 1992 жылы қаңтарда бастады. Қордың тұжырымдамасы ғаламдық жағдайда мемлекет пен әлемге жаңаша ойлау, прогресс пен гуманизмдің идеялардың жаңаша оқуы, тым әділ әлем тәртібінің қағидаларын әзірлеу керек деген нанымда негізделеді. Қор қоғамды дамыту үшін ғылыми зерттеулердің нәтижелерінің пайдаланылуын, ғалымдар мен саясаткерлердің жаңа ұрпақтың қалыптасуын талап етіп, сарапшылар мен қоғам арасындағы ашық диалогқа септік тигізеді.

Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н.Ельциннің Қоры туралы

2000 жылы қарашада құрылған Ресейдің Тұңғыш Президентінің Б.Н.Ельцин қайырымдылық Қорының негізгі міндеті – ХХІ ғасырда Ресейдің мүдделерін қорғайтын жастардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасау. Дәл осы идеяда жас таланттарды білім, ғылым, өнер және спорт салаларында қолдау бойынша Қордың қайырымдылық қызметі негізделеді.

Қор халықтар арасындағы бейбітшіліктің, достықтың, татулықтың нығайтылуын, әлеуметтік, ұлттық және діншіл даулардан сақтап қалуына көмектесуін көздейді. Осы бағыттағы Қордың практикалық қызметі халықаралық гуманитарлық ынтымақтастығына белсенді қатысуында айқын көрінеді.