ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры байқау жариялайды!

Грант үшін байқау – 2009 туралы хабарландыру

БАЙҚАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Жас ғалымдар арасында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге берілетін гранттар үшін қосымша байқау жариялайды.

Байқауға 40 жасқа дейінгі қазақстандық жас ғалымдар – ғылым кандидаттары мен докторлары, докторанттар, аспиранттар қатыса алады.

Өтініш беру мерзімі: 20 мамырдан 2009 жылдың 2 шілдеге дейін.

Байқау шарттары туралы ақпаратты Word форматынан алуға болады.

Байқауға қатысу туралы өтінішті де Word форматынан алу керек.

Бюджеттік өтініш жобасын дайындауға қажетті ақпарат Word форматынан алу керек.


Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры жас ғалымдардың Қазақстанда және шет елдерде өткізілетін ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға және конгрестерге қатысуына мүмкіндік беретін «Іс-сапарлар үшін гранттар» байқауын жариялайды.

Байқауға қазақстандық жас ғалымдар – университеттердің оқытушылары және зерттеу орталықтарында жұмыс істейтін, ғылыми атағы бар ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ докторанттар (PhD) қатыса алады.

Өтініш беру мерзімі: 2009 жылдың 10 ақпанынан 2009 жылдың 30 қазанына дейін.

Байқау шарттары туралы ақпаратты Word форматынан алуға болады.

Байқауға қатысу туралы өтінішті де Word форматынан алу керек.


Байқаудың қорытындысы 2009 жылдың 20 мамырында жарияланды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры студенттер арасында табиғи, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік ғылыми жұмыстар үшін республикалық байқау жариялайды.

Байқауға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен студенттік ұжымдары (үш адамнан артық емес) қатыса алады.

Өтініш беру мерзімі: 2009 жылдың 10 ақпанынан 2009 жылдың 10 сәуіріне дейін.

Байқау шарттары туралы ақпаратты Word форматынан алуға болады.

Байқауға қатысу туралы өтінішті де Word форматынан алу керек.


Байланыстар: «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры»
Біздің мекен-жайымыз: 050059, Алматы қаласы, Махатма Ганди көшесі, 10.

E-mail: cmy@presidentfoundation.kz