ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

«ЖОЛСАПАРҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТАР» БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ

ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

«ЖОЛСАПАРҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТАР» БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

Мәдениет пен өнер саласындағы қазақстандық жас қайраткерлердің Қазақстанда және шет елдерде өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға, конгрестерге, байқауларға, шығармашылық фестивальдарға, концерттерге, мастер - кластарға, көрмелерге, пленэрлерге қатысуын, сондай-ақ ғылыми машықтану өтілдеріне қатысуын қаржыландыру байқау негізінде жүзеге асырылады.

Байқауға 40 жасқа толмаған, әдебиет, мәдениет, өнер, білім беру саласында белсенді қызмет атқарып жүрген, мәдениет пен өнер салысының жас қайраткерлері жеке өздері де, сондай-ақ ұйымдастыру-құқықтық нысанынан тәуелсіз, мәдениет пен өнер ұйымдарының, ғылыми және білім беру мекемелерінің құрамында қатыса алады.

2. Қатысушылар

2.1. Конференцияларға, симпозиумдарға және басқа да форумдарға қатысуға арналған гранттар мәдениет пен өнер саласындағы жас қайраткерлерге, шығармашылық жоғары оқу орындарының, колледждердің штаттық қызметкерлері болып табылатын оқытушыларға, аспиранттарға, магистранттарға, машықтанушы ассистенттерге, орындаушыларға, театрдың, цирктің әртістеріне, журналистерге, дарынды шәкірттерге беріледі. Өтінімдер Қазақстанда және шет елдерде өткізілетін конференцияларға немесе симпозиумдарға, концерттерге, көрмелерге, фестивальдарға қатысуға шақырылған Қазақстанның азаматтарынан қабылданады.

2.2. Байқауға төмендегі негізгі бағыттар бойынша өтінімдер қабылданады:

(01) музыка өнері;

 (01) театр өнері;
 (01) бейнелеу өнері;
 (04) кино-бейне өнері;
 (05) көркем әдебиет;
 (06) журналистика, радио және телевидение;
 (01) хореография өнері;

3. Міндетті шарттар

3.1. Конференцияларға, симпозиумдарға, форумдарға, фестивальдарға, байқауларға, мастер - кластарға, машықтану өтілдеріне баруға арналған гранттар туралы өтінімдерді қарастырған кезде:

- баяндама, лекция оқу, шығармашылық өнер көрсету;

- ұйымдастырушылардан шақыру хаты болуы;

- түйіндеме (2-тіркемеге сәйкес);

- жоғары оқу орнындағы немесе колледждегі, ұйымдағы жұмыс өтілі туралы кадрлар бөлімі берген анықтама.

- іс-шараны ұйымдастырушылардан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорының (бұдан әрі – Қор) атына келген хаттың болуы керек, онда шақыру хаты расталады және өтінім берушінің жолсапарына қаржы қаражатын бөлу туралы өтініш білдіріледі.

4. Іріктеу рәсімі

4.1 Байқау арқылы іріктеуді өтінімдердің әділетті артықшылықтарының негізінде сарапшылық кеңес жүзеге асырады.

4.2. Сарапшылық комиссияның құрамына тиісті бейіндегі мамандар кіреді, олар тұрғылықты жерлері мен жұмыс орнынан тәуелсіз, мәдениет пен өнер саласында белсенді жұмыс істеп жүрген қайраткерлер қатарындағы жоғары білікті, үздік құзырлығы әрі әділдік қасиеттерімен қатар кең ауқымды дүниетанымы бар, ғылыми және адамгершілік адалдығымен ерекшеленетін мамандар болуға тиіс.

4.3 Сарапшылық комиссияның мүшелерін Қор тараптардың уағдаласуы бойынша ақысыз негізде немесе ақылы негізде (келісім бойынша) тартуы мүмкін.

4.4 Ақылы негізде жұмыс істейтін сарапшылар ретінде тартылатын адамдарды таңдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4.5 Сарапшылық кеңестің отырыстары тоқсан сайын 1 рет өткізіледі. Гранттарды беру туралы шешімді Қордың Басшылығы шығарады.

5. Қаржыландыру және есеп-қисап

5.1. Байқауға қатысушыларды қаржыландыру Қордың бюджетінен жүзеге асырылады.

5.2 Конференцияға, симпозиумға, семинарға, фестивальға қатысқаннан кейін Грант алушы Қордың бухгалтериясының алдында есеп береді.

5.3 Гранттар ұйымдастырушылық жарналар, визалар алу, жолсапар, тұрғын жай жалдау мен тамақтану үшін беріледі.

<>5.4 Қаражатты ұйымдастыру техникасы мен басқа мүлікті сатып алуға, ксерокөшірме жасауға , әдебиетті сатып алуға жұмсауға болмайды.

6. Өтінімдер

6.1 Байқауға қатысу туралы өтінімдер Қазақстанның азаматтарынан қабылданады.

6.2 Байқауға қатысу туралы өтінімдер Қор айқындайтын мерзімдерде, аталған байқау үшін қабылданған пішінде беріледі.

6.3 Өтінімді байқаудың Сарапшылық кеңесі құптаған жағдайда, өтінім беруші төмендегілерді іске асыруға міндетті:

- жолсапардан бас тартқан жағдайда, Қорға уақтылы хабарлау және алған ақшаны қайтарып беру.

- жолсапардан оралғаннан кейін бір ай ішінде гранттық қаражатты пайдаланғаны бойынша толық есеп беру.

6.4 Төмендегідей өтінімдер қабылданбайды:

- ұжымдардан;

- ұзақ (2 аптадан астам) жолсапарларға арналған;

- бағдарламаға іс-шара басталарға 2 айдан кем уақыт қалғанда жолданған, аталған байқау үшін қабылданған пішін бойынша толтырылмаған;

- электрондық почта және факс бойынша жіберілген.

 

Есеп бермеген немесе қаржылық есеп-қисаптың талаптарын орындамаған тұлғаларға бұдан кейін Қордан гранттар беруден бас тартылатын болады.

Өтінім беруші бір күнтізбелік жыл ішінде бір грантты пайдалана алады.

Үміткерлер байқаудың нәтижелері туралы уақтылы хабардар етіледі, өтінімдерден бас тартудың себептері хабарланбайды, байқауға берілген материалдар қайтарылмайды.



Құжаттар жолданатын мекен-жай:

050013, Алматы қ. Республика алаңы, 13, “Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры ”

Байланыс телефоны: (727) 270-05-24, 270-05-27, 272-30-91,

факс (727) 270-05-50

Скачать заявку в формате WORD «Грант на поездку»