|
|
|
|
ЖАҢАЛЫҚТАР |
|
| |
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.
19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.
19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.
19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.
19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.
|
|
| |
|
|
|
|
|
|
|
Мәдениет пен өнер саласындағы қазақстандық жас қайраткерлердің шығармашылық жобаларын қолдау мақсатында гранттар алуға арналған байқауды өткізу туралы |
|
| |
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ
Мәдениет пен өнер саласындағы қазақстандық жас қайраткерлердің шығармашылық жобаларын қолдау мақсатында гранттар алуға арналған байқауды өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының мәдениет пен өнер саласындағы жас қайраткерлерінің шығармашылық жобаларын қолдау мақсатында гранттар алуға арналған байқауды ұйымдастыру мен өткізудің тәртібін айқындайды.
1.2. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» Қоғамдық Қорының (бұдан әрі – Қор) шығармашылық жобаларды қолдау мақсатындағы гранттары (бұдан әрі - гранттар) жыл сайын бәсекелестік негізде беріледі.
Мәдениет пен өнер саласындағы шығармашылық жобалар ретінде Қазақстан Республикасының мәдени құндылықтарын жасауға, мәдени мұрасын сақтауға және Қазақстан Республикасының мәдениет пен өнер саласындағы ең үздік жетістіктерін таратуға ықпалдасатын жобалар танылады.
1.3. Мәдениет пен өнер саласындағы шығармашылық жобалардың гранттар бойынша нәтижелерін иеленудің, пайдалану мен билік етудің шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
2. Байқауды өткізу мен ұйымдастыру тәртібі.
2.1. Байқауды «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» Қоғамдық Қоры (бұдан әрі – Қор) өткізеді, ол байқаудың ұйымдастырушылық, сарапшылық және ақпараттық жағынан қажетті сүйемелденуін қамтамасыз етеді.
2.2. Қор:
- байқау Комиссиясының Төрағасы мен құрамын бекітеді;
- байқау өткізудің бағыттарын айқындайды;
- аталған байқауға арналған гранттар бойынша шығармашылық жобаларды қаржыландыруға жұмсалатын қаражаттың көлемін және гранттың орташа мөлшерін айқындайды;
- байқау өткізілетін мерзімдерді және аталған байқауға арналған гранттардың әрекет ету мерзімін айқындайды;
- Грант алушының атқарған жұмысы туралы есептемесін алады және дерекқорды қалыптастырады;
- байқау туралы ақпараттық хабарды таратып жолдауды қамтамасыз етеді.
2.3. Байқау Комиссиясының міндеттері: - Жеңімпаз өтінімдерді қарастыру мен айқындау кезінде, ашықтық, қол жеткізу мүмкіндігі, әділдік, жариялылық қағидаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; - ұсынылған Өтінімдердің байқаудың шарттарына сәйкестігін тексеру; - Өтінімдерді келешек мүмкіндіктері барынша байқау арқылы іріктеу;- қорытынды шешім қабылдау және байқаудың жеңімпаздарын жариялау.
Байқау арқылы іріктеуді өтінімдердің әділетті артықшылықтарының негізінде сарапшылық кеңес жүзеге асырады.
2.4. Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан құралуға тиіс. Комиссияның отырыстары оның құрамының кем дегенде 2/3 бөлігі қатысып отырса толық құқылы деп саналады.
Сарапшылық комиссияның құрамына тиісті бейіндегі мамандар кіреді, олар тұрғылықты жерлері мен жұмыс орнынан тәуелсіз, мәдениет пен өнер саласында белсенді жұмыс істеп жүрген қайраткерлер қатарындағы жоғары білікті, үздік құзырлығы әрі әділдік қасиеттерімен қатар кең ауқымды дүниетанымы бар, шығармашылық және адамгершілік адалдығымен ерекшеленетін мамандар болуға тиіс.
Сарапшылық комиссияның мүшелерін Қор тараптардың келісуі бойынша ақысыз негізде немесе ақылы негізде (келісім бойынша) тартуы мүмкін.
Ақылы негізде жұмыс істейтін сарапшылар ретінде тартылатын адамдарды таңдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2.5. Байқаудың қорытындысы бойынша шешім жасырын дауыс беру жолымен қабылданады. Грант отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің дауыстарының кем дегенде 3/4 бөлігін жинаған қатысушыға беріледі.
2.6. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.
2.7. Байқаудың қорытындысы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
2.8. Байқауға қатысу үшін Қорға төмендегі құжаттарды ұсыну керек:
- байқауға қатысу туралы қатаң белгіленген пішіндегі өтінім (№ 1 Тіркеме).
- құрылтай құжаттарының және мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің куәландырылған көшірмелері (егер гранттан үміткер заңды тұлға болса);
- шоттың бар екені туралы несие ұйымының анықтамасы (егер гранттан үміткер заңды тұлға болса);
- ұйымның соңғы есепті кезең бойынша балансы (егер гранттан үміткер заңды тұлға болса);
- салық инспекциясының аумақтық органының есепке қою туралы анықтамасы;
- салық инспекциясының аумақтық органының салық төлемдері бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтамасы;
- азаматтардың қоғамдық немесе басқа бірлестігінің мөрімен куәландырылған, грант алуға арналған байқауға қатысу туралы шешімі;
- жобада айқындалған қызмет түрлерімен айналысуға берілген лицензиялар (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген жағдайларда);- жеке куәлік, ЖӘК, СТН көшірмелері (егер гранттан үміткер жеке тұлға).
Қордың өтінімді қарастыру үшін қажетті басқа да құжаттарды сұратуға құқығы бар.
2.9. Қор өтінімді қабылдаудан төмендегі себептер бойынша бас тартады:
- өтінімді берген адам осы Ережеге сәйкес гранттан үміткер деп танылмаған болса;
- өтінімді берген адам құжаттарды мерзімінде бермесе немесе ұсынылған құжаттарда жеткілікті және шындыққа сай мәліметтер болмаса;
- өтінімді берген адамның арам ниетті әрекеттері анықталса;
- өтінім байқауға өтінімді берудің мәлімденген ең шекті мерзімінен кешіктіріп жолданса;
- оның кейбір жағдайлары бойынша түсіндірме байқау комиссиясының сұратуын алған сәттен бастап бір апталық мерзім ішінде берілмесе.
2.10. Байқауға қатысушы дайындаған байқауға қатысу туралы өтінім Қор айқындаған пішінде, мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде беріледі.
Еңбектер осы Ереженің жағдайлары бұзыла отырып ұсынылған жағдайда, Байқау комиссиясының осы еңбектердің Республикалық байқауға қатысуын болдырмауға құқығы бар.
3. Байқауға қатысу шарттары.
3.1. Байқауға Қазақстан Республикасының мәдениеті мен өнері саласындағы қазақстандық жас қайраткерлердің шығармашылық жобалары (бұдан әрі - үміткер) қатысады.
3.2. Қордың гранттарын алудан үміткер ретінде меншік нысанынан тәуелсіз, мәдениет пен өнер ұйымдары, сондай-ақ мәдениет пен өнер саласында белсенді шығармашылық, ұйымдастырушылық немесе ғылыми жұмыс жүргізетін Қазақстан Республикасының азаматтары жеке өздері де, сондай-ақ ұйымдастыру-құқықтық нысанынан тәуелсіз, тиісті ұйымдардың құрамында да әрекет ете алады.
3.3. Байқауға 40 жасқа толмаған мәдениет пен өнер саласындағы жас қайраткерлер қатыса алады.
3.4. Гранттан үміткер байқауға ақпараттық хабарламада баяндалған талаптарға сәйкес ресімделген өтінімді ұсынады.
Өтінімге қол қоя отырып, үміткер төмендегілерге кепілдік береді:
- аталған байқауға қатысу шарттарымен келісуі;
- өтінімде берілген материалдардың құпиялылығы туралы талап қоймауы;
- берілген грант бойынша шығармашылық жобалардың нәтижелерін жариялаған кезде Қордың гранты түрінде қаржылық қолдау алғанына сілтеме жасауы.
3.5. Шектемелік белгілері бар өтінімдер, құжаттар мен материалдар қарастырылу үшін қабылданбайды.
3.6. Байқауға аяқталған жобалар қатыса алмайды.
Көркем әдебиетті, мерзімдік басылымдарды, оқулықтар мен оқу құралдарын басып шығаруға, ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызу мен жөндеуге, сондай-ақ ұйымдардың жоспарлы жұмыстарына арналған өтінімдер қабылданбайды.
3.7. Гранттан әрбір үміткер аталған байқаудың шеңберінде бір өтінімнен артық бере алмайды.
3.8. Бұрын басқа гранттар мен сыйлықақыларға, сондай-ақ шет елдердің гранттары мен сыйлықақыларына ие болған еңбектер осы Грантты алуға арналған байқауға қатысуға жіберілмейді.
3.9. Байқауға қатысу шарттарына сай келмейтін, ресімдеу ережелерін бұза отырып берілген немесе байқауға ақпараттық хабарламада көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қарастырылмайды.
4. Гранттың қаражатын пайдалану тәртібі
4.1. Байқаудың жеңімпазы Қор айқындайтын пішінде Қормен келісім жасайды.
4.2. Гранттың иегері төмендегі жағдайларда одан айырылады және оны толық мөлшерде қайтарып беруге міндетті:
- Гранттың иегері жылдық жоспар-кестеде көзделген іс-шараларды орындамаса;
- Гранттың иегері Грант берілгеннен кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге тұрғылықты қоныстануға кетсе.
4.3. Егер Гранттың иегерінің жылдық жоспар-кестеде көзделген іс-шараларды орындамауы төмендегі жағдайлардың себебінен орын алса, Грант қайтарылмайды:
- Гранттың иегерінің қаза болуы;
- Гранттың иегерінің еңбек ету қабілетінен айырылуы;
- жойқын күш.
5. Гранттар бойынша шығармашылық жобаларды ұйымдастыру және олардың өткізілуіне бақылау жасау.
5.1. Қабылдаушы ұйымда гранттар бойынша шығармашылық жобаларды өткізудің негіздемесі Қордың грант бөлу туралы хабарламасы болып табылады.
5.2. Гранттар бойынша шығармашылық жобаларды қаржыландыру әдетте Гранттың иегерінің есеп шотына немесе жеке шотына қаражатты тікелей бір дүркін аудару жолымен жүзеге асырылады.
5.3. Қор гранттар бойынша шығармашылық жобалардың өткізілуін бақылауды қамтамасыз етеді. Бөлінген гранттың қаражатының мақсаттан тыс пайдаланылғаны анықталған жағдайда, Қор грантты бөлуді тоқтату туралы шешім қабылдайды.
5.4 Бақылау нәтижелері құжат бойынша ресімделеді және грант бойынша шығармашылық жобалардың өткізілуінің нәтижелері бойынша сарапшылық қорытындыны жасау үшін негіз ретінде жүреді.
5.5. Шығармашылық жобаларды өткізіу мерзімдері өткеннен кейін Гранттың иегері Қорға Грантты пайдалану туралы: жылдық жоспар-кестеге сәйкес растамалық құжаттарды қоса тіркей отырып, шығармашылық жобалардың орындалғаны, олардың нәтижелері туралы қорытынды есептемесін ұсынады.
Төмендегідей өтінімдер қабылданбайды:
аталған байқау үшін қабылданған пішін бойынша құрастырылмаған,
- электрондық почта және факс бойынша жіберілген.
Құжаттар жолданатын мекен-жай:
050013, Алматы қ. Республика алаңы, 13, “Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры ”
Байланыс телефоны: (727) 270-05-24, 270-05-27, 272-30-91,
факс (727) 270-05-50
Скачать заявку в формате WORD на соискание грантов по поддержке творческих проектов молодых казахстанских деятелей в области культуры и искусства
|
|
| |
|
|
|