ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Балаларды қорғау күніне арналған « ХХI ғасырдың Олимпиада үміткерлері» атты спорттық мереке

Балаларды қорғау күніне арналған « ХХI ғасырдың Олимпиада үміткерлері» атты спорттық мереке

2009 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры «ДУИ «Фонд-Инвест» ЖШС бірлесіп « ХХI ғасырдың Олимпиада үміткерлері» атты спорттық мереке өткізді. Мерекелік іс-шараға Алматы қаласындағы спорт мектептерінде оқитын балалармен жалпы білім беру мектептерінің оқушылары қатысты.

Балаларды қорғау күніне арналған спорттық мереке балалар спортын жандандыруға, жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға,салауатты өмір сүруге, нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын-алуға бағытталған.

Іс-шара бағдарламасында кішіфутбол және үлкен теннис болды.

Құрметті қонақтар арасында Қазақстанға белгілі спортшылармен футбол ардагерлері болды.Ойын барысында алаңда ойыншылардан осы спорт түрлеріне тән қимылдар мен икемділіктер байқалды. Спортқа деген құмарлық, жеңуге деген бәсекелестік рух, жеңіске деген құлшыныс барлық қатысушылардың бойынан табылды.

Футболдан сайысқа Алматы қаласының мектепаралық 6 футбол командасы қатысты. Тартысты жарыста жеңіске «Орлан» футбол командасы жетті, екінші орынды №79 мектеп командасы, үшінші орынды «Фонд-Инвест». құрама командасы алды.

Ал қыздар арасындағы үлкен теннистен бәсекеде бірінші орынды №5 орта мектептің 3 сынып оқушысы Айнұр Сүлейменова, екінші орынды №105 орта мектептің 5 сынып оқушысы Томирис Қошмұханова, үшінші орынды №116 орта мектептің 3 сынып оқушысы Елизавета Кривошеева иемденді. Ер балалар арасында бірінші орынды №1 орта мектептің 6 сынып оқушысы Глеб Карболин, екінші орынды №17 орта мектептің 6 сынып оқушысы Вячеслав Максимов, үшінші орынды №79 орта мектептің 5 сынып оқушысы Александр Неранов алды.

Сайыс бойынша қорытынды шығарылғаннан кейін, салтанатты түрде сыйлықтар тапсыру рәсімі өтті. Жеңімпаздар дипломдармен спорттық кубоктар және құнды сыйлықтармен марапатталды.