ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры журналистердің кәсіби мерекелері – Баспасөз күнімен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры журналистердің кәсіби мерекелері – Баспасөз күнімен құттықтады.

29 маусым күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры «Хабар» ақпарат агенттігі, «Коммерциялық Телевизиялық Канал», «Мы выбираем Караван, Караван выбирает нас» және «Газета КZ» Интернет газетінің журналистерін кәсіби мерекелері – Баспасөз күнімен құттықтады.

Қордың атқарушы директоры Бектас Мұхамеджанов «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жетекші бұқаралық ақпарат құралдарымен және журналистермен жемісті еңбек атқаруда. Біз сіздерге Қордың өткізген іс-шараларын жарыққа шығарып, қолдау көрсетіп жүргендеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз» деп атап өтті.

Б.Г Мұхамеджанов журналистерге кәсіби жетістіктер, сарқылмайтын жігер және еңбекте жеміс тіледі

Журналистерге Қордың атынан сыйлықтар, гүлдер табыс етіліп, Баспасөз күнімен құттықтау қағаздары тарту етілді.