ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Супер компьютерлік Меморандум

Супер компьютерлік Меморандум

2009 жылдың 28-ші шілдесі күні сағат 12:30-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорында, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанынан супер компьютерлік технологиялар орталығын ашуға Қор өкілдері және әлемдік Intel компаниясының өкілдері орталықты ашу бағытындағы әріптестік жөніндегі келісімге қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының атынан Меморандумға Қордың Атқарушы директорының орынбасары - С.Т.Тохтаров және INTEL фирмасынан – СНГ елдері және Ресейдегі аймақтық директор Дмитрий Конаш қол қойды.

Сондай-ақ, Меморандумға қол қою рәсіміне, INTEL фирмасының Қазақстандағы, Орта Азия және Кавказдағы бас өкілі Дмитрий Кисель, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат Интитуты директорының орынбасары О.А.Рахматулин және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының, әлемдік экономика және саясат Интитутының қызметкерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Талдау көрсеткендей, соңғы 15 жыл көлемінде әлемдік экономиканың дамуында, инновациялық процесте, ұлттық экономиканың жандануында, әлеуметтік – экономикалық өсуде ақпараттық технологиялардың маңызы зор. Бүгінгі күнде ақпараттық технологиялар экономиканың дербес динамикалық дамуын үздіксіз әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылуға бейімдеп келе жатқан сектор. Қазіргі таңда, ақпараттық технология «Локомотиві» - мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін анықтайтын, жоғары өнімді параллельді есептеуіш жүйелер немесе супер компьютерлер болып табылады.

Жоғары өнімді параллельді есептеуіш жүйелі супер компьютерлер экономика саласының дамуына ықпал етіп жүргендігін танып білсек, олардың ішіндегі мына салаларға ерекше тоқталып өтуге болады:

мұнайгаз өндіру, химия және атом өнеркәсіптері;

биотехнология, фармакология, генетика;

энергетика, машина жасау, ұшақ жасау;

микроэлектроника, нанотехнология, сейсмология;

ірі өнеркәсіптермен қала құрылысы және ауылшаруашылық жобаларының үлгілерін жасау, іске асыру;

жоғары өнімді параллельді есептеуіш жүйелер және супер компьютерлер технологиялары аясында ынтымақтасу маңызды іс, себебі аталмыш технологияның Қазақстан Республикасында дамуын қолға алу керек.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры жанында супер компьютерлер технологиясын дамытуға тілек білдіріп, ынтымақтастықтың келісілген мақсаттарына жету және ақпараттық технология саласынының аясында шетелдермен ынтымақтасу, сонымен қатар осы салада жоғары білікті мамандар дайындау қолға алынбақ.

ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры және әлемдегі ең ірі микропроцессорлар өндіретін INTEL фирмасы Меморандум жасасу аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанынан супер компьютер технологиялары Орталығын ашып, алдағы уақытта Қазақстанда жоғары өнімді параллельді есептеуіш жүйелердің дамуын қолға алмақ.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры жанында құрылатын супер компьютерлік технологиялар Орталығының негізгі мақсаттары мыналар:

1) ғылым саласы бойынша, мәселен жоғарғы білім және өнеркәсіп мультиядерлік Intel микропроцессоры негізінде Қазақстан Республикасында жоғары өнімді параллельді есептеуіш жүйелерді дамыту;

2) жоғары өнімді параллельді есептеуіш жүйелердің технологиясын, үлгісін және қолдану әдістерін жетілдіріп, технологияны ғылыми және инженерлік саладағы мәселелерді шешуге пайдалану;

3) жоғары өнімді параллельді есептеуіш жүйелер технологиясын жүйелі және қолданбалы математикалық қамтамасыз етуге зерттеу жүргізу;

4) қызығушылық танытқан ұлттық компаниялар, мемлекеттік және жеке кәсіпорындар, ғылыми институттар және мекемелер, сондай-ақ жоғарғы оқу орындары тапсырыс берсе, шаруашылық есеп жұмыстарын жүргізу;

5) мамандармен жоғарғы оқу орындарының студенттерін параллельді есептеуішті супер компьютерде оқу әдісіне үйретуді және біліктілікті арттыратын курстарды ұйымдастыру;

6) терең және қолданбалы математикалық үлгілеуде ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жоғары өнімді параллельді есептеуіш жүйелердің технологиясымен зерттеушілермен пайдаланушыларды қамтамасыз ету;

7) жоғары өнімді параллельді есептеуіш жүйелерді дамыту үшін өзге жетекші супер компьютер орталықтарымен әрекеттесу және ынтымақтасу;

Жоғары өнімді супер компьютерлер, дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей - ғылымның ықпалдасу орталығына айналып, білім, өндірістік технология, және аймақтық экономика саласының жандануының басты күші болып келеді.