ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Қайырымдылық көмек көрсету туралы шарттарына қол қою рәсімі

4-ші жыл сайынғы «Әлеуметтік жауапты мемлекет – мықты Қазақстан» атты тақырыпта Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде ұтып алған жобаларды іске асыру жөніндегі қайырымдылық көмек көрсету (грант) туралы шарттарына қол қойылды

2008 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қорында 2008 жылғы наурызда Алматыда 4-ші жыл сайынғы «Әлеуметтік жауапты мемлекет – мықты Қазақстан» атты тақырыпта Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде ұтып алған жобаларды іске асыру жөніндегі қайырымдылық көмек көрсету (грант) туралы шарттарына қол қойылды. Шараға мемлекеттік құрылымдардың, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және Сараптық комиссияның мүшелері қатысты.

Төртінші Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне еліміздің барлық аймақтарынан, сонымен бірге, Ресейден, Қырғызстаннан және Германиядан 170-тен астам өтініш ұсынған 130-ға жуық ұйымдар қатысты. Сараптық комиссиямен тоғыз аталым бойынша байқаудың жеңімпаздары белгіленді. Жәрмеңкенің барлық жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жәрмеңкенің нәтижелері бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру және әлеуметтік әріптестікті ары қарай дамыту мақсатымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры мүгедектердің заңды қорғалуына, мүмкіндіктері шектелген балалар мен жастардың әлеуметтік бейімделуі мен сауықтырылуына, жасөспірімдердің бос уақыттарын дұрыс өткізуіне, салауатты өмірді насихаттауына, халықтың азаматтық бастамаларын қолдауына бағытталған 16 ең қызық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылданды.

Сонымен, осы жылы 27-ші мамырда мына жобаларды жүзеге асыру мақсатымен қайырымдылық көмек көрсету туралы шарттарына қол қойылды:

1. «Сау қоғамдастығы» – «Ақбота» қоғамдық қоры (Вячеславка ауылы, Ақмола облысы). Жобаның мақсаты – Ақмола облысы Аршалы ауданында салауатты өмірді насихаттау.

2. Мүгедектердің құқықтар саласында білім алу және заң шығару негізін білу мақсатымен мүгедектігі бар адамдарға арналған тәуелсіз тұрмыстың негіздері жөніндегі психологиялық тренингтер мен дәрістер өткізу – «Медеу аудандық мүгедектерінің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі (Алматы қ-сы).

3. «Мүгедектігі бар адамдарға арналған тәуелсіз тұрмыстың негіздерін қалыптастыру» тақырыбына байланысты семинарлар өткізу – «Алматы қаласының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі (Алматы қ-сы).

4. «Жастардың идеялар банкі – жастарға арналған қосымша ресурстарды алудағы құралы» – «Болашақ» балалар және жасөспірімдер клубтарының мемлекеттік емес қоғамдық бірлестігі (Өтеген батыр аулы, Іле ауданы, Алматы обл.). Жоба – Жастардың идеялар банкі – жаңа ортаның қалыптастырылуына бағытталған. Жобаның мақсаты – белсенді жастарды ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін біріктіру.

5. 2004-2007 жж. Гете-Институтының жастарды алмастыру бағдарламасы бойынша Павлодар қаласының №36 ОМ-нің оқушыларының қатысу туралы «Саяхаттау – яғни, оқу» атты телебағдарлама жасау – Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы орта білім беретін №36 орта мектебі (Павлодар қ-сы).

6. Ауылдық жердегі мүгедектер мен маргиналдарға арналған мүмкіндіктердің және қызмет көрсетудің, адам құқықтарын қорғау процесінің тиімділігін көтеру – Талдықорған қалалық «Ерлік» мүгедектер қоғамдық бірлестігі (Талдықорған қ-сы).

7. «Әр балаға бақытты балалалық шақ!» – «Ақ көгершін» қоғамдық бірлестігі-Мүгедек-балалар мен олардың аналары реабилитациялық орталығы (Шиелі ауылы, Қызылорда облысы). Жобаның мақсаты – Шиелі ауданындағы «Сыр ұланы» балалар лагерінде мүмкіндіктері шектелген балаларға пайдалы әрі сауықтыру босуақытын ұйымдастыру.

8. «Күнкөрісі төмен отбасылардың балалары үшін жаздық мектебі» – «Жамбыл» қоры (Алматы қ-сы). Жобаның мақсаты – Оңтүстік-Қазақстан облысында тұратын күнкөрісі төмен отбасылардың балаларды және дарынды жетім-балаларды О.Жаутықов атындағы Республикалық арнаулы физика-математика орта мектеп-интернатында екі аптаның ішінде информатикаға, орыс тіліне және ағылшын тіліне оқыту (Алматы қ-сы).

Шарттарға қол қою рәсімінен кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директоры Бектас Мұхамеджановтың және ҮЕҰ-ның өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілді. Бектас Мұхамеджановтың айтуынша, маусым айында Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде ұтып алған тағы 8 жобаны қаржыландыру туралы шарттарына қол қою жоспарлануда.

4-ші жыл сайынғы «Әлеуметтік жауапты мемлекет – мықты Қазақстан» атты тақырыпта Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде ұтып алған жобаларды іске асыру жөніндегі қайырымдылық көмек көрсету (грант) туралы шарттарына қол қою рәсімі туралы фоторепортажды көру