ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Қазақ-қытай сарапшы топтарының екіжақты іскерлік отырысы өтті

Қазақ-қытай сарапшы топтарының екіжақты іскерлік отырысы өтті

26 тамызда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорында қазақ-қытай сарапшылар тобының екіжақты жұмыстарын талқылайтын іскерлік отырыс өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорымен Қытай қоғамдық ғылым академиясы арасындағы екіжақты сарапшылық қызмет пен институт аралық қарым-қатынас туралы ынтымақтастықтарын арттыру жолдарын талқылау болып табылады.

Кездесуге қатысушылардың айтуынша, қазіргі таңда екі жақтың ғалымдарымен сарапшыларын өзара әрекеттестіретін, жаңа жандану жолдарын қарастыратын амал керек, бұл мәселеде Қазақстан мен Қытайдың өзара ынтамақтасуы дұрыс әрекет. Сондай-ақ, отырыста мыналар қаралды: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорымен Қытай қоғамдық ғылым академиясы арасындағы ынтымақтастықты арттыру бағытындағы Меморандум және Қазақ-Қытай Сарапшылар Кеңесінің Ережесі. Қазақстан жағынан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры аталмыш салада маманданған жетекші мекемелер мен сарапшыларды қатысуға шақырды. Олар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Академиясының шығыс елдерін зерттеу Институты, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат Институты, Халықаралық қазіргі заман саясаты Институты, Ұлттық Зерттеу Институты.

Отырыс барысында қазақ-қытай жақтарының ғалымдарымен құрылатын сарапшылар кеңесін ұйымдастыру мен ұстау тақырыбы талқыға салынды.