ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

жылдың 24 ақпанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының гранттарын тапсыру рәсімі өтті.

2009 жылдың 24 ақпанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының гранттарын тапсыру рәсімі өтті.

Шығармашыл жастарды қолдау бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры мен Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жас таланттардың шығармашылығын ынталандыру, кино және телевидение саласының болашақ мамандарының кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында жыл сайын дипломдық жобаларды жүзеге асыруға берілетін гранттар үшін байқау жариялап келеді. Биыл 17 студент Қордың демеушілік қолдауы арқылы дипломдық жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды: 6 анимациялық фильм, 6 деректі фильм, 5 оқу фильмі.

Марапаттау рәсіміне Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушылары, шығармашылық шеберлік жетекшілері, еліміздің еңбек сіңірген мәдениет пен өнер қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының жанындағы Шығармашыл жастар кеңесінің мүшелері қатысты.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының атынан жеңімпаздарға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Үздік дипломдық жоба байқауының жеңімпаздары

1. Әбелдинов Адай Құнанбайұлы (Г.А. Садықованың шеберханасы) – «Алдар көсе мен бай» анимациялық фильмі ;

 

2. Жәнібек Нұрбекұлы (Г.А. Садықованың шеберханасы) – «Үзілген жапырақ» анимациялық фильмі;

 

3. Исмағұлов Асхат Еркінұлы (Г.А. Садықованың шеберханасы) – «Бетпақдала» анимациялық фильмі;

 

4. Мананбаев Ермек Жомартбекұлы (Г.А. Садықованың шеберханасы) – «Екі аңшы» анимациялық фильмі;

 

5. Менжанқызы Арайлым (Г.А. Садықованың шеберханасы) – «Шөл және түйе» анимациялық фильмі;

6. Нағыз Қуаныш (Г.А. Садықованың шеберханасы) – «Қуанғанда….» анимациялық фильмі;

 

7. Әбілдаева Айжан Серғазықызы (М.Т. Есіркеповтың шеберханасы) –«Дендрарий» деректі фильмі;

 

8. Алдажар Ержан Еркінұлы (М.Т. Есіркеповтың шеберханасы) – «Дауыс» деректі фильмі;

 

9. Бакеева Мәдина Қайратжанқызы (М.Т. Есіркеповтың шеберханасы) – «Өмір желісі» деректі фильмі;

 

10. Құрманқызы Әйгерім (М.Т. Есіркеповтың шеберханасы) – «Менің анам көкек пе?» деректі фильмі;

 

11. Қыдырмаева Мөлдір Бекенбайқызы (М.Т. Есіркеповтың шеберханасы) – «Бригада» деректі фильмі;

 

12. Тойғамбаева Лаура Оралханқызы (М.Т. Есіркеповтың шеберханасы) – «Дәулет» деректі фильмі;

 

13. Бектұрсынов Талғат Аманкелдіұлы (Г.Л. Ройтманның шеберханасы) – «Жиһанкез» оқу фильмі;

 

14. Исаев Олжас Мархабайұлы (Д.К. Манабайдың шеберханасы) – «Трасса 09» оқу фильмі;

 

15. Оразбаева Мәрмәр Иранбекқызы (М.Т. Есіркеповтың шеберханасы) – «Қардағы із» оқу фильмі;

 

16. Пошанов Жасұлан Қуанышұлы (Д.К. Манабайдың шеберханасы) – «Өзен теңізге құяды» оқу фильмі;

 

17. Шепетя Регина Ринатқызы (Д.К. Манабайдың шеберханасы) – «Ең бастысы – тән» оқу фильмі (Самуэль Бэккеттің «Годоны күткенде» пьесасының желісі бойынша).