ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

«Аяулы алақанда 21 ғасыр»

«Аяулы алақанда 21 ғасыр»

2009 жылғы мамырдың 23-інде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының ғимаратында Алматы қаласындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін дайындалған «Аяулы алақанда 21 ғасыр» атты қайырымдылық концерт болып өтті. Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған бұл шараны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры Шығармашыл жастар кеңесімен және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының эксперименталдық өнер студия-мектебімен бірлесе ұйымдастырып өткізді.

Мерекелік концертті тамашалауға Алматы қаласындағы №1, №2 балалар үйлерінің және №8 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері шақырылды.

Аталған шараны өткізудегі мақсат:

Жас ұрпақты өнерге баулу, оның сан қырын түсінуге көмектесу, сол арқылы балалар шығармашылығын дамыту, дүниетану көкжиегін кеңейту, жан-дүниесін көркейту, сөйтіп еліміздің ертеңі – жаңа ұрпақтың өнер құдіретінің күшімен топтасуына ықпал ету.

Концертке Қазақ ұлттық консерваториясының эксперименталдық өнер студия-мектебінің оқушылары қатысты. Концерттік бағдарлама аясында музыкалы ертегі, сахналық қойылым, хореографиялық композициялар көрсетіліп, джаз оркестрі, фольклорлық ансамбль, заманауи музыка және түрлі музыкалық аспаптық ансамбльдер өнер көрсетті.

Фотоотчет проведенного мероприятия