ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Жаратылыс, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттердің үздік ғылыми жұмыстары үшін жарияланған республикалық байқаудың қорытындылары

Жаратылыс, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттердің үздік ғылыми жұмыстары үшін жарияланған республикалық байқаудың қорытындылары

2009 жылғы 20 мамырда Жаратылыс, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттердің үздік ғылыми жұмыстары үшін жарияланған республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, белгілі қазақстандық ғалымдар, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері және студент-жастар қатысты.

Аталған республикалық байқауды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жастардың шығармашылық қабілетін ашу және кәсіби даму, өсу жолындағы ізденістерін ұштау, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуын ұйымдастыруға жоғары оқу орындарын ынталандыру, елімізде жастардың ғылымға келуін одан әрі дамыту мақсатында ұйымдастырған болатын.

Биыл республикалық байқауға 192 жұмыс түсті.

Оның ішінде:

Физика және математика бойынша – 29;

Химия, химиялық технология, техникалық және инженерлік ғылымдар – 38;

Биология мен медицинадан – 25;

Жер туралы ғылымдар, экология және ауылшаруашылық ғылымдары – 17;

Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар – 83

Ғылыми жұмыстардың көпшілігі бұл байқауға бірінші рет ұсынылып отыр. Жұмыстардың басым бөлігі мемлекеттік тілде жазылғандығын атап айтқан жөн.

Байқаудың жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры атынан ескерткіш медалдермен және дипломдармен марапатталды.

Жаратылыс, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттердің үздік ғылыми жұмыстары үшін жарияланған республикалық байқаудың жеңімпаздары

Секция 01. ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА

Аманбаева Динара Бауыржанқызы, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті физика факультетінің 4 курс студенті, «КРО3 қасиеттеріне құрылымның әсері» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін.

Афанасьева Надежда Владимировна, Қабытаев Шыңғыс Хейноллаұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика факультеті магистратурасының 2 курс студенттері.

Жанасбаева Айдана Серікбайқызы, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті физика факультетінің 1 курс студенті.

Секция 02. ХИМИЯ, ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ, ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ҒЫЛЫМДАР

Жұманова Салтанат Берікболатқызы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті технология факультетінің 4 курс студенті, ғылыми жұмысы – «Құрамында ылғал ұстайтын заттегі бар күрделі тыңайтқышты алудың технологиясын жасау».<>

Құламетов Жалғас Асқарұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті химия факультеті магистратурасының 1 курс студенті, ғылыми жұмысы – «ДНК-ның қысқа фрагменттерін тритильді нуклеотидтерді пайдаланып фосфоамидті синтез жүргізу арқылы алу».

Мағзұмова Арайлым Қуанышқызы, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті химия факультетінің 4 курс студенті, ғылыми жұмысы – «Фенолформальдегид шайырларының негізінде композициялық материалдар алу».

Секция 03. БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА

Мұсаев Қадір Құлқұсейінұлы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті педиатрия факультетінің балалар хирургиясы кафедрасының 6 курс студенті, ғылыми жұмысы – «Тік ішектік-несепағар жыланкөзді емдеудің заманауи әдістері».

Ермаханова Дина Сәбитқызы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті педиатрия факультетінің балалар аурулары кафедрасының 6 курс студенті, ғылыми жұмысы – «Балалардың буын ауруларын емдеудің жекелеген нәтижелері».

Қуанышбекова Нарғыз Жақсылыққызы, Астана медицина университеті қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 1 курс студенті, ғылыми жұмысы – «Жауын-шашынның құрамындағы қорғасын мөлшері және оның болашақ ұрпаққа әсері».

Секция 04. ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР, ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫ

Ильченко Елена Владимировна, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті инженерлік-экологиялық факультетінің 3 курс студенті, ғылыми жұмысы – «Көкшетау қаласының жағдайында тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату жүйесін жетілдіру».

Мамбеткереева Назгүл Аманғалиқызы, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті гуманитарлық-техникалық факультетінің 3 курс студенті, ғылыми жұмысы – «Ауыспалы валентті метталдың (хромның) тірі ағзаларға экологиялық әсері».

Коротков Константин Григорьевич, Еуразиялық инновациялық университеті биология факультетінің 3 курс студенті, Павлодар қаласы.

Алексанова Анастасия Григорьевна, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті дәрігерлік-алдын алу факультетінің 5 курс студенті, ғылыми жұмысы – «Алматы қаласының ағынды суларының құрамындағы ауыр металдардың мөлшері (Cd, Zn, Co, Ni,Cu)».

Секция 05. ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

Партаев Нұрсұлтан Темірханұлы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті тарих факультетінің 2 курс студенті, ғылыми жұмысы – «Қазақстан Республикасы «Мәдени мұра» бағдарламасы тұрғысынан тарихи-мәдени және табиғи аумақтарды сақтау мәселелері».

Үлкенбаева Айгүл Мейрханқызы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті кітапханатану факультетінің 2 курс студенті, ғылыми жұмысы – «Қазақ қолжазбалары – қазіргі Қазақстанның рухани мәдениетінің сарқылмас қазынасы».

Кенішева Айгүл Ерболатқызы, Тараз мемлекеттік педагогика институтының педагогика факультетінің 2 курс студенті, ғылыми жұмысы – «Мектепалды даярлық тобында дидактикалық ойындарды пайдалану».

Селиканова Диана Қайырбекқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті заң факультетінің 3 курс студенті, ғылыми жұмысы – «Халықаралық әйелдер құқын қорғау және оның Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына ықпалы».