ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің Ұлы Отан соғысы басталған күннің 68-жылдығына арналған жастармен кездесуі

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің Ұлы Отан соғысы басталған күннің 68-жылдығына арналған жастармен кездесуі

1941 жылдың 22 маусымы – біздің тарихымыздағы ең қайғылы күн, Ұлы Отан соғысының басталған уақыты. Бұл күн қан майданда қаза тапқандармен фашистерден еріксіз қорлық көргендерді, тылда еңбек етіп аштан қырылғандарды еске салады.

Бізді әрбір өткен жыл Ұлы Отан соғысының бірінші күніндегі оқиғалардан алыстатуда. Көптеген соғыста жеңіске жеткен жауынгерлер өмірден озып, жыл сайын майданға қатысқан сарбаздардың саны қысқарып, қара тізім ұзарып барады. Сол сұрапыл соғыс заманын көзімен көрген куәгерлермен бірге тарихтың маңызды егжей-тегжейлі естеліктері де жоғалып бара жатқан сыңайлы. Сондықтан, біз соғыс туралы бәрін білеміз бе, Жеңістің шын бағасын түсінеміз бе және келер ұрпаққа жеңіс туралы ұғымды сақтап қала аламызба? - деген көкейкесті сұрақтар туындайды.

Ардагерлердің өткен күндердегі еңбектерін еске алуы - тарихта баға жетпес ерлік жасағандарының айғағы.

22 маусым күні, сағат 11:00 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры 68 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталған қайғылы күнді еске алуға арнап, Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен жастардың кездесуін өткізді.

Ардагерлер Ұлы Отан соғысының басталуы туралы хабарды естіген күндегі естеліктерімен бөлісті. Майдан шебінде жүріп қаза болған достары мен туыстары туралы баяндап, Л.Ю Гирш., Л.В Скалковскийлер өздерінің соғыс туралы шығармаларын оқып берді.

Сондай-ақ, жиналғандар Габбаш Жуматов, Павел Коровкин, Мария Мединская және Кәкен Әбеновтердің соғыс туралы айтқан естеліктерін қызығушылықпен тыңдады.

Іс-шараға – Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы Республикалық әскери училищесінің курсанттарымен қоғамдық жастар ұйымдарының озаттары қатысты. Олар өз кезектерінде қазіргі жастардың отанға деген сүйіспеншілігімен патриоттық рухының жоғалмауына атқарып жатқан жұмыстарын әңгімеледі.

Кездесуге келгендер Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен шыққан кітаптармен, яғни соғыс ардагерлерінің жазған естелікнамаларымен танысты. (С. Нурмагамбетов «От огненных лет до суверенной армии», М.Мединская «Не рвите цветы на курганах»)

Президенттік Қордың атқарушы директоры Бектас Мухамеджанов жиында, бұл кездесулер атамекеннiң даңқты тарихының қағылез беттері. Заман және ұрпақтардың байланысы деген осы, жастармен өмірді көрген қарттардың кездесіп, ең маңызды тарихи оқиғаны еске түсiруі, деп атап өтті.

Сонымен қатар, Бектас Мухамеджанов кездесуге қатысушыларға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Қоры қан майданда қаза болған қаhармандар ескерткiштері мен жәдігерлеріне арналған естелік кітаптың шығарылуына акция жүріп жатқандығын мәлімдеді.

Фотоoтчет по проведенному мероприятию