ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

«Отбасы тәрбиесі - қоғамның дамуына әсер ететін негізгі фактор» жинағының тұсау кесері

«Отбасы тәрбиесі - қоғамның дамуына әсер ететін негізгі фактор» жинағының тұсау кесері

2009 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 10:00 - де С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қайырымдылық көмегімен жарыққа шыққан «Отбасы тәрбиесі - қоғамның дамуына әсер ететін негізгі фактор» жинағының тұсау кесер рәсімі өтті.

Жинақ «Ата-аналар клубы – жанұя мен мектепті байланыстыратын үлгі» жобасы аясында шығарылған.

Аталмыш жоба 2009 жылғы «Халық денсаулығы – Қазақстанның дәулеттілігі» атты жыл сайын өтетін республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесінде «Берік жанұя – дені сау қоғам» номинациясы бойынша жеңіске жеткен. Жоба ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға бағытталған. Бұл жұмысты ұйымдастырудың тиімді тәсілі – клуб, яғни адамдарды бейресми өз қызығушылықтары бойынша жинау. Жобаны іске асыру барысында ата-аналар клубының үлгісі сыннан өткізілген. Ата-аналар клубының жұмысын С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасымен қалалық білім департаменті бірлесіп ұйымдастырмақ. Клубтық жиналыстар ата-аналардың ұстаздармен ашық әңгіме айтуларына және бір-біріне сенім білдіру тәжірибесін жинақтауға көмектеседі. Клуб жұмысының тәжірибелері «Ашық мектеп» журналының «Ата-аналар үшін сабақ» айдарында жарияланып тұрады.

Тұсаукесерге қалалық білім департаментінің өкілдері, қоғамдық ұйымдар және ұстаздар мен ата-аналар қатысты.