ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

марапаттау рәсімі өткізілді.

2009 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының ғимаратында жалпыбілім беретін мектеп оқушыларының аудандық олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының жанындағы «Қарасай ауданының Білім беру корпоротивті қоры» қызметінің негізгі бағыттарының бірі сабақ үлгерімі жоғары, оқу үрдісінде жақсы нәтижелер көрсеткен оқушыларға жан-жақты қолдау көрсету болып табылады. Осы мақсатта «Қарасай ауданының Білім беру корпоротивті қоры» О.А. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математикалық орта мектеп-интернатының көмегімен физика және математика пәндері бойынша мектеп оқушыларының аудандық олимпиадасын өткізген болатын. Олимпиаданы өткізудегі басты мақсат – балалардың шығармашылық қабілетін дамыту және ғылыми ізденіске деген қызығушылығын арттыру, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау, дарынды балаларды қолдау, атап айтқанда олардың мамандық таңдауына және сол бағытта білімін жетілдіруіне көмек көрсету болып табылады.

Аудандық олимпиадаға Алматы облысының Қарасай ауданындағы жалпыбілім беретін 48 мектептің 10-11 сыныптарынан 346 оқушы қатысты.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының атынан Олимпиада жеңімпаздарына мақтау қағаздары мен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

Марапаттау рәсімінен көріністер: