НОВОСТИ
03/02/2012
Математики вычислили сложность игры "Скрэббл"
Ученые вычислили сложность игры Scrabble ("Скрэббл"), известной в русском варианте как "Эрудит". Игра "Эрудит" состоит из поля-доски в 15 на 15 клеток и набора из 104 букв.

03/02/2012
Нейтрино предложили использовать для поиска полезных ископаемых
Ученые из Перу и США предложили использовать нейтрино для обнаружения полостей в Земле, в том числе, возможно, с полезными ископаемыми.

03/02/2012
Весит ли антиматерия больше материи?
В чем заключаются отличия влияния гравитации на материю и антиматерию? Физики из Калифорнийского университета (г. Риверсайд) намереваются получить ответ на этот вопрос.

03/02/2012
Ученые нашли ракообразного гиганта у берегов Новой Зеландии
Биологи обнаружили самого крупного из известных науке представителей ракообразных, обитающего на глубине семи километров недалеко от берегов Новой Зеландии, сообщает Би-би-си.

03/02/2012
NASA опубликовало съемку обратной стороны Луны
NASA опубликовало видео обратной стороны Луны, сделанное зондами-близнецами GRAIL. На видео видна панорама обратной стороны Луны от северного до южного полюса.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесі 2010

Әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесі 2010

2010 жылдың 18-19 наурызында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» Қоғамдық Қоры және Халықаралық қазіргі саясат институты Алматы қаласында «Интеллектуалды жасампаз қоғам: білім және жаңа технологиялар» тақырыбындағы әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңкенің мақсаттары мен міндеттері:

· азаматтық қоғамның және институттардың жандануына көмектесу;

· азаматтық қоғам институттарында өткір әлеуметтік мәселелерді шеше алатын, кәсіби және тиімді сектор қалыптастыру;

· әлеуметтік қызмет көрсету салаларындағы коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларына тұсаукесер жасау үшін әлеуметтік идеялар мен жобалар республикалық байқауын өткізу, ең үздік жобалар мен идеяларды тәжірибе жүзінде іске асыру;

· коммерциялық емес ұжымдардың жетістіктерімен мүмкіндіктерін, әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған жаңа технологияларымен әдістерін демонстрациялау;

· сұхбат алысуға мүмкіндік ашып, жұмыс жасау үшін байланыстарды дамытуға көмектесу, қоғам институттарын тең құқылы серіктестік заңдарымен қамтамасыз ету.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы мына номинациялар бойынша өткізілді:

1. Білім жүйесінің инновациялық дамуы

2. Білім және қоғам

3. Мектепке дейінгі оқудағы инновациялық технологиялар

4. Білім, ғылым және өндіріс

5. «Ерекше» балаларды біліммен қолдау

6. Оқу-әдістемелік және білім әдебиеті

7. Білім, денсаулық, үйлесім

Байқаудың сарапшы комиссиялары:

Жобаларды бағалау байқаудың сарапшылар комиссиясымен жүзеге асты, олардың құрамы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан,

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен, халықаралық ұйымдар, бизнес-құрылымдар және БАҚ өкілдерінен тұрды.

Сарапшы комиссиялардың шешімімен әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесінің жеңімпаздары болып 28 үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйымдар танылды.

Жәрмеңке барысында:

- үкіметтік емес ұйымдардың көрме-тұсаукесерлері өткізілді. Жобалардың маңызын айшықтай түсетін 170-тен астам стендтер жасалып, байқауға ұсынылған 100-ден астам жобаның видео тұсаукесері болды. Сондай-ақ, дөңгелек үстел, үш шеберлік кластары ұйымдастырылды.

Жәрмеңке жеңімпаздары дипломдармен марапатталды. Барлық Жәрмеңкеге қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

«Интеллектуалды жасампаз қоғам: білім және жаңа технологиялар» тақырыбындағы әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесінің жеңімпаздарының тізімі

№ п/п

Ұйым атауы

Жоба атауы

«БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ» НОМИНАЦИЯСЫ

1

Республикалық «Коммунистік жастар одағы» қоғамдық бірлестігі
 Астана қ

«Қазақтың ұлттық ойындары мен әдет-ғұрыптары туралы оқу-әдістемелік жинақ жасау»

2

Н.К.Крупская атындағы орта мектеп
Қарасай ауданы, Ұлан ауылы

«Баланың дарынын анықтап, шығармашылық қабілетін арттыру»

3

Республикалық «Тәуелсіздік Қазақ Денсаулық Орталығы» қоғамдық бірлестігі
 Астана қ

«ҚР Қоғамдық денсаулық» мамандығы бойынша форсайт мақсаттарына сүйене отырып, ғылыми-әдістемелік жоспарлауда мамандар даярлау»  

4

 «Дети Радуги» қоғамдық қоры
 Алматы

 «8-9 жастағы немесе одан үлкен жастағы балаларға «Экспедиция KZ» атты столүстілік ой дамыту ойыны

«БІЛІМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» НОМИНАЦИЯСЫ

5

 «Қазақстандық интеллектуалдық ойындар клубы» қоғамдық бірлестігі
 Алматы қ

«Брейн-ринг – 2010 мектеп лигасы, Алматы қалалық II-ші интеллектуалдық турнир »

6

 «Эко-Градиент» жастар қоғамдық бірлестігі
 Шақпақ-баба ауылы, Оңтүстік Қазақстан облысы

«Ауылдық жердегі ең тиімді білім»

7

Республикалық «Центр Забота – Хэсэд Полина»  еврей қайырымдылық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды филиалы
Қарағанды қ

«Бұл ғажайып әлем»

8

Жеке меншік мекеме «Қарағанды университеті «Болашақ» 
Қарағанды қ

«Қарағанды қаласы және Қарағанды облысының білім жүйесіндегі қызметкерлеріне арналған «Педагогикалық салон»  

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» НОМИНАЦИЯСЫ

9

 «Жас ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі
Талдықорған қ

«Бүлдіршіндер ғылым академиясы»

10

Мұхаметқалиева Жанар Заманбекқызы
Өскемен қ

«Мектепке дейінгі балаларға арналған «МОЙ МИР», «МЕНІҢ ӘЛЕМІМ», «MY WORLD» электронды дамытушы тұсаукесерлер сериялары

«БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ӨНДІРІС» НОМИНАЦИЯСЫ

11

«Интеллектуалдық меншік иелерінің қауымдастығы» АҚ
 Алматы қ

«Инновациялық бизнес»

«ЕРЕКШЕ» БАЛАЛАРДЫБІЛІММЕН ҚОЛДАУ» НОМИНАЦИЯСЫ

12

Марат Оспанов атындағы қоғамдық қор
Алматы қ

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға шеберлік-кластар, тренингтер ұйымдастыру»

13

 «БЕС АСЫЛ» қоғамдық қоры
Павлодар қ

«Интеллектуалдық радиоолимпиада «Білімгер»

14

 «Книголюб» қоғамдық бірлестігі
Өскемен қ

«Көмекші мектептер үшін мультимедиялық оқу құралдары »

15

 «Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған «Ұмай» емдеу-тәрбиелеу үйі» мекемесі
 Қызылорда қ

«Мектеп жасына дейінгі ақыл-есі кем балаларға арналған математикалық ой қалыптастыру сабағы»

16

 «Астана қаласының мүгедек балаларының қоғамы» қоғамдық бірлестігі

«Тірі тастар»

«ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ БІЛІМ ӘДЕБИЕТІ» НОМИНАЦИЯСЫ

17

 «Знамя Мира» қоғамдық бірлестігі. Талдықорған қ

«Бастауыш сынып этикасы» авторлық әдістемелік шығару және қазақ тілінде жоғарғы сынып оқушылар үшін «Тұрмыс этикасы» 

18

 «АртЕвразия» қоғамдық қоры, «Ою» көркемдік галереясы. Алматы қ

«Өнер тану энциклопедиясы. Терминологиялық аударма»

19

«Дегдар» гуманитарлық қоры» корпоративті қоры
. Алматы қ

«Вокал туралы әңгіме»  атты Профессор Марио Меланидің (Италия) классикалық вокалдан оқулығын шығару»

20

М.Х. Дулати Тараз мемлекеттік университеті
Тараз қ

«Электронды-дидактикалық материал құру үшін ақпараттық технологияларды ендіре отырып тіл мамандығына қатысы жоқ студенттерді тіл білімін меңгеру жүйесіне баулу»

21

 «Батыс Қазақстан облыстық жас ғалымдар Кеңесі» қоғамдық бірлестігі

Орал қ

«Өлкетану бойынша стереоброшюра серияларын құру (стереоскопикалық 3D-технологияларды қолдану арқылы өлкенің құнды архитектуралық  үш өлшемді суретін жасау)»

22

 «Библиокітап» қазақстандық кітапханаларды қолдау орталық баспа үйі Алматы қ

«Кітапханатану және библиография бойынша оқу-әдістемелік құралдар»

23

РГКП «Павлодар мемлекеттік  педагогикалық институты»
Павлодар қ

«Өзге тілдерге оқытудың жаңаша әдістері: дәстүр және инновациялар»

24

«Евразия» Халықаралық экономикалық академиясы» АҚ
Алматы қ

«Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарындағы оқу-әдістемелік базаны ақпаратпен қамту – халықаралық электронды кітапхана базасын құру»

«БІЛІМ, ДЕНСАУЛЫҚ, ҮЙЛЕСІМ» НОМИНАЦИЯСЫ

25

 «Білім – Орталық Азия» Білім қоры»Корпоративтік қоры
Алматы қ

«Оқушыларға арналған жазғы демалыс лагерьлері «Шетелде білім алу»

26

 «Ақбота» қоғамдық қоры
Ақмола облысы, Арнасай ауылы

«Денсаулық»

27

ҚР дәрігер-геронтологтарының қауымдастығы
 Алматы қ

«ҚР жағдайында медициналық геронтологияның компетенциясын қалыптастыру»

28

 «Павлодар облысының балалар одағы және пионерлік ұйымдары» қоғамдық қоры
Павлодар қ

«Балалар-жасөспірімдер орталығы – балалар мен жасөспірімдердің дамуы, сондай-ақ, аз қамтылған отбасылардың балаларының дамуы»

Өткізілген іс-шара бойынша фоторепортаж