ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсететін республикалық ата-аналар комитеті құрылды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қамқорлық көмегімен орта арнаулы мектептерде білім алатын, қант диабетіне шалдыққан балалардың құқығын қорғап, ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсететін республикалық ата-аналар комитеті құрылды.

11 қыркүйекте балаларына «қант диабеті» деген диагноз қойылған ата-аналардың ресми түрде республикалық комитеті құрылды.

Аталмыш жоба 2009 жылғы «Халық денсаулығы – Қазақстанның дәулеттілігі» атты жыл сайын өтетін республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесінде «Өзекті тақырыптар – шешімі бар мүмкіндіктер» номинациясы бойынша жеңіске жеткен. Комитет Қазақстанның барлық облыстарындағы ата-аналар комитетінен өкілдерді жинады. 11-ші қыркүйекте өткен алғашқы отырыста қант диабетіне шалдыққан әр аймақтағы балалардың жағдайлары айтылып, мемлекеттік органдарға арналған арнайы ұсыныстар қарастырылды.

12 қыркүйек күні қант диабетімен ауыратын балалар проблемасын талқылауға мемлекеттік органдардың өкілдері де қосылды, мәселен: Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің денсаулық сақтау бағдарламаларын дамыту басқармасы. Сондай-ақ, Комитетке құрметті мүшелер сайланды, олар Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты С.И.Ферхо, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің бас педиатры К.С.Абауова және «Экібастұз» балалар қорының директоры Т.В.Шмидт.

Отырысқа жиналғандардың талқылаған басты мәселелері балалар мен жасөспірімдер арасындағы қант диабетінің проблемалары мен оны шешудің жолдары. Жиын барысында денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік салалардың негізгі проблемаларынан құрылған блоктардан тұратын бұрыштама әзірленді. Сонымен қатар екі күнге созылған бұл жиында, эндокринолог дәрігерлердің тапшылығы, орта буын қызметкерлерінің біліктілік дәрежелерінің төмендігі және көптеген дәрігерлердің сырқаттанып барған жандарға дұрыс көз қарас танытып, қарамаулары да әңгіме өзегіне айналды.