|
|
|
|
ЖАҢАЛЫҚТАР |
|
| |
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.
19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.
19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.
19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.
19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.
|
|
| |
|
|
|
|
|
|
|
«Қазіргі Қазақстандағы инновациялық даму және ғылымға деген қажеттілік» |
|
| |
2008 жылдың 12 желтоқсанында, Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорының ғимаратында «Қазіргі Қазақстандағы инновациялық даму және ғылымға деген қажеттілік» атты екінші халықаралық ғылыми конференция өтті.
Конференцияның негізгі мақсаты – жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін арттыру, оларды заманауи ғылымның өзекті мәселелерін шешу ісіне тарту, бірыңғай ғылыми-ағартушылық кеңістікті сақтау және дамыту, болашақ әріптестер арасында байланыстар қалыптастыру. Конференция қазақстандық жас ғалымдардың басын біріктіруді, жастардың іргелі және қолданбалы зерттеулерге деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
2008 жылы конференция жұмысы қазіргі ғылымның негізгі бағыттарына сәйкес 6 секция бойынша жүргізілді. Конференцияға келіп түскен баяндамалар саны – 248.
Конференция еліміздің бар аймағын қамтыды. Оның жұмысына Қазақстанның көптеген қалаларынан, атап айтқанда: Астана, Алматы, Ақтөбе, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Шымкент және басқа да қалалардан 150-ден астам жас ғалымдар, аспиранттар, мамандар мен магистрлар қатысты. Сондай-ақ:
- Карачи университетінің Химиялық ғылыми-зерттеу институты;
-Геттинг университетінің органикалық және биомолекулярлық химия институты, Германия;
- РҒА ОрБ тау-кен ісі институты, Екатеринбург, Ресей;
- Қырғыз Ұлттық университеті;
- Орал мемлекеттік тау-кен университеті;
- Белгород ФГУП ВОГМ;
- Г.И.Носов атындағы ММТУ, Магнитогорск қаласы, Ресей;
- РҒА СБ Новосибирск органикалық химия институты, Ресей
және т.б. шетелдік қонақтар қатысты.
Пленарлық мәжіліске Б.Г. Мұхаметжанов – ҚР Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директоры, Г.С. Әбдіраимова – ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, профессор, Д.Ю. Корулькин – ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры және т.б. жетекші мамандар қатысты.
Конференция барысында жас мамандардың баяндамаларын талқылаумен қатар Қазақстанның әр аймағынан келген ЖОО мен ғылыми ұйымдардың жас ғалымдар кеңесінің отырысы өтті.
|
|
| |
|
|
|