ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жариялаған республикалық байқаулардың қорытындылары

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жариялаған республикалық байқаулардың қорытындылары

2009 жылдың 5-мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қазақстандық жас ғалымдар мен мәдениет және өнер қайраткерлерін қолдау мақсатында жариялаған республикалық байқауларының жеңімпаздарына гранттар тапсыру рәсімі болды.

Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге және шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға берілетін гранттар үшін жарияланған байқаулар 2009 жылдың ақпан-наурыз айларында өткізілген болатын. Байқауларға түскен 100 шақты ғылыми және шығармашылық жобалардың ішінен белгілі қазақстандық ғалымдар мен көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралған байқау комиссиясы 11 жұмысты таңдап алды.

Жеңімпаздарға гранттар тапсыру рәсіміне Қазақстан Республикасының жетекші ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, мәдениет және өнер қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен көрнекті қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының жанындағы Жас ғалымдар және Шығармашыл жастар кеңестерінің мүшелері қатысты.

Республикалық байқаулардың жеңімпаздары

Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу үшін берілетін гранттарды жеңіп алғандар:

Ермаков Евгений Леонидұлы, «Металдардың магнитомеханикалық анизотропиясы құбылысына негізделген әдіс арқылы, ядролық энергетикалық қондырғылар құбырлары материалдарының кернеулі-деформациялық қауіпсіздік жағдайының дәрежесін бағалаудың технологиясын жасау» жобасы үшін;

Оңғарбаев Ердос Қалимоллаұлы, «Битум алу үшін парафинді мұнай қалдықтарын тотықтыру және түрлендіру» жобасы үшін;

Ошақбаев Қуат Пернеқұлұлы, «Атеросклероз үрдісінің даму механизмдерін физикалық және химиялық тұрғыда салыстырмалы зерттей отырып, оны емдеудің және алдын алудың концепциясын жасау» жобасы үшін.

Мәдениет пен өнер қайраткерлерінің шығармашылық жобаларын қолдау мақсатында берілетін гранттарды жеңіп алғандар:

Орынбаева Алмагүл Хидирқызы, «Жас драматургтер зертханасы» жобасы үшін;

Көбенов Әжі Оразайұлы, «Бейнелеу өнері саласындағы Қазақстанның шығармашыл жастарын қолдау» жобасы үшін;

Тәжібаева Ақерке Жұмадоллақызы, «Бабалардан қалған асыл мұра – қыл қобыз» жобасы үшін;

Волкова Елена Викторқызы, «Астана-Амстердам. Алуан түсті Қазақстан – Эйтховенде» жобасы үшін;

Мерғалиева Динара Ілиясқызы, «Қазақстандық жас балет артистерінің «Өрлеу» театрын құру» жобасы үшін;

Шалахметова Әсел Ғаділбекқызы, «Дизайн қаласы» жас дизайнерлер байқауы» жобасы үшін;

Кударинова Гүлжан Социалқызы, «Мұражай және мүгедектер» арт-терапия» жобасы үшін;

Көкеев Ерлан Амантайұлы, «Арман-ай» жобасы үшін.

«Іс-сапарлар үшін гранттар» байқауының алғашқы турының жеңімпаздары

Айыпов Расулбек Рахманбердіұлы, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, Цинциннати қаласының (АҚШ) медициналық орталығындағы балалар госпиталының колоректальдық орталығында ғылыми тәжірибеден өту үшін;

Пенькова Наталья Владимирқызы, Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрхимия институтының ғылыми қызметкері, Ерланген-Нюрнберг қаласында (Германия) өтетін «5th Kurt Schwabe symposium» симпозиумына қатысу үшін.

Жамбыршинова Балқия, Нақыспеков Серік Жақанұлы, А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушылары, Сеулде өтетін (Корей Республикасы) балет артистерінің халықаралық байқауына қатысу үшін;

Яценко Екатерина Николайқызы, №46 гимназияның фортепиано сыныпының оқушысы, Чигиринцева Гаухар Серікқызы музыка мұғалімі, С.С. Прокофьев атындағы жас пианистердің Екатеринбург қаласында өтетін (Ресей) алтыншы оралдық ашық байқауына қатысу үшін;

Ахметжанова Сандуғаш Қосманқызы, Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының библиограф-кітапханашысы, Украинаның Судак қаласында өтетін «Қырым-2009» 16-шы халықаралық конференциясына қатысу үшін.