ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Астана күні және Қазақстан Республикасы Президентінің туылған күніне арналған мерекелік іс- шара

Астана күні және Қазақстан Республикасы Президентінің туылған күніне арналған мерекелік іс- шара

2009 жылдың 6 шілдесі күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры Астана күніне және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туылған күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді.

Аталмыш шара бағдарламасында асфальтке сурет салу және аспанға аэростат ұшыруы болды. Асфальтке сурет салудан байқауға Алматы қалалық жалпы білім беру мектептерімен Алматы облысының мектеп оқушылары және жазғы демалыс уақытын оңтүстік астанада өткізуге келген Ақтөбе қаласының балалары да қатысты.

Балалар асқан ынталылықпен астананың сәулет өнеріндегі назар аударарлық орындарымен мерекелер, еңбек және адамзат баласы туралы суреттер салды.

Суреттердің барлығы соншалықты әсем салынғандықтан қазылар алқасына жеңімпазды анықтау қиындықтар тудырды.

Жақсы шыққан жұмыстарға сыйлықтар белгіленді. Бұлар Ансар Амребаев, 5 жаста, «Кемпірқосақ», Регина Пикалева, 11 жас , «Алтын Адам», Ажар Орынбасар, 13 жас және Дамир Батырхан, 12 жас, «Астана – Жүрегім менің».

Байқауға қатысушыларға естелік сыйлықтар берілді.

Мерекелік шара Алматы облысының Қарасай ауданында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жерінде жалғасын тапты. Мерекелік бағдарламаның негізі Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайына және Шамалған ауылындағы Қарасай батыр орта мектебінің мұражайына бару болды. Мұражайға Қордың атынан құнды сыйлықтар табыс етілді.

Ұйымдастырылған акцияның соңында мерекелік концерт өтіп, «Туылған күніңмен» деген жазуы бар әуе шарлары ұшырылып, мерекелік нұршашулар шашылды.

Фотоотчет по проведенному мероприятию