ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

«Жастық тынысы» атты Қазақстан бейнелеу өнерінің көрмесі ашылды

«Жастық тынысы» атты Қазақстан бейнелеу өнерінің көрмесі ашылды

2009 жылдың 30 сәуірінде сағат 11:00-де Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының жанындағы Шығармашыл жастар кеңесінің және «Дарынды қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастық тынысы» атты Қазақстан бейнелеу өнерінің көрмесі ашылды.

Көрменің мақсаты:

Қазақ халқының бейнелеу өнері саласындағы мәдени мол мұрасын еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсеке қабілеттілігінің бір сипаты ретінде сақтау және әрі қарай лайықты дамыту болып табылады.

Көрмеге қазақстандық 46 жас суретші мен мүсіншінің туындылары қойылады. Көрмеге келушілер кең байтақ еліміздің бар аймағының қылқалам шеберлерінің шығармаларымен таныса алады.

Көрме Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының «Қазақстанның шығармашыл жастарын қолдау» жобасының аясында өткізіліп отыр.

Көрменің қонақтары: мәдениет пен өнер саласының жетекші мамандары, Қазақстан Суретшілер одағы жанындағы өнер зерттеушілері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының жанындағы Шығармашыл жастар кеңесінің мүшелері, республикадағы түрлі шығармашылық одақтардың: Кинематографистер одағының, Дизайнерлер одағының, Жазушылар одағының, Суретшілер одағының және басқа да шығармашылық ұйымдардың өкілдері.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, М. Ганди көшесі, 10, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры.

Қосымша ақпарат үшін: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 58а, оф. 613а, «Дарынды қолдау» ҚҚ.

Тел. 8 (727) 273-18-08,

Байланыстар үшін: 8701712 0996 – Төлеген Жұманов.

270 05 24 – Роза Едігеева.