ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

і.

Казакстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қоры мен «Бірге қатерлі дертке қарсы» Қоғамдык қоры заманауи диагностикалық құрал-жабдықтың тұсау кесерін өткізді.

2009 жылдың 4-маусымында Казакстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қоры мен «Бірге қатерлі дертке қарсы» Қоғамдык қоры онкологиялық ауруды тексеріп, алдын-ала шаралар колдануға септігін тигізетін заманауи диагностикалық құрал-жабдыктың тұсау кесерін өткізді.

Айта кету керек, 2008 жылдың 4 желтоқсанында Казакстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қоры мен «Бірге қатерлі дертке қарсы» Қоғамдык қоры бірлесіп, «Қазақстан – мейірбандық заманы» атты қайырымдылық акциясын өткізген болатын. Аталмыш шарадан 18 млн теңгеден астам қаржы түскен.

Жиналған қаржыға Алматы қалалық онкологиялық диспансеріне онкологиялық ауруды тексеріп, алдын-ала шаралар қолдануға септігін тигізетін ИФА (иммунды-ферментті анализатор) диагностикалық құрал-жабдығы сатып алынды. Сондай-ақ, 4 онколог - дәрігерге Мәскеу және Будапешт қалаларында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берілген.

Іс-шараны өткізудің мақсаты:

Қоғам мен мемлекет басшыларының еліміздегі белең алып бара жатқан онкологиялық аурулар мәселесіне назарын аудару болып табылады.

Аталған шараға Алматы қалалық әкімшілігінің, денсаулық сақтау мекемелерінін өкілдері және қоғамдық ұйымдар қатысты.