ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

натына қатысты

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры №5 есту қабілеті нашар балалардың Арнаулы мектеп интернатының оқушыларына арналған футбол алаңының ашылу салтанатына қатысты

2009 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры №5 есту қабілеті нашар балалардың Арнаулы мектеп интернатының оқушыларына арналған футбол алаңын ашуға бағытталған қайырымдылық акциясына қатысты. Акция «ДАРА» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Дәнекер» жобасының аясында өткізілді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорыда арнаулы мектеп тәрбиеленушілерінің бос уақытын тиімді өткізу жұмысына және жаңа оқу жылының басталуына байланысты ат салысып, спорттық құрал-жабдық – швед қабырғасын сыйға тартты.

Іс шараға: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директоры - Мұхамеджанов Бектас Ғафурұлы, «Lancaster group Kazakhstan»АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы – Қаниев Берік Сералыұлы, Қазақстан Футбол Федерациясының вице президенті – Байшақов Сейілда Икрамұлы, Алматы қаласы білім департаментінің өкілдері және басқалар қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде Қордың атқарушы директоры Мұхамеджанов Бектас Ғафурұлы, мектеп тәрбиеленушілерін жаңа футбол алаңымен құттықтап, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту тек ғана мектепке емес, барша қоғамға қатысты мәселе дегенді айтты.