ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорында Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын бітіруші түлектердің дипломдық жұмыстары қаралды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорында Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын бітіруші түлектердің дипломдық жұмыстары қаралды.

2009 жылдың 1-шілдесінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорында Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын бітіруші түлектердің дипломдық жұмыстары қаралды. Іс-шараға академия оқытушыларының құрамынан жоғарғы баға алған, Кино және телевизияның болашақ мамандары қатысты.

Отандық кино индустрияның дамуына қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының студенттеріне қаржылай көмек көрсетті. Қазіргі таңда жас ұрпақтың мәдени өркендеуі үшін экран өнерінің маңызы зор, себебі ол адамның қоршаған әлемді танып білуіне арналған кешенді тәсіл (оған әлеуметтік, моральдық, психологиялық, көркемдік, интеллектуалдық қырлар жатады) және эстетикалық түйсік.

Дипломдық жұмысты қарауға дипломдық жұмыстың авторлары, оқытушылар және жастар шығармашылық кеңесінің мүшелері қатысты. Барлық жұмыстар оқытушылар құрамынан жақсы баға алған. Олардың ішінде ерекшеленгендер; Мадина Бакеева «Өмір жүйесі» көркем фильмі, Ержан Алдажар «Дауыс» көркем фильмі, Регина Шепетя «Время-тело» ойын кино, Олжас Исаев «Трасса 09» ойын кино, Адай Абельдинов «Мысық»анимациялы фильмі.

Қатысушылар академия түлектеріне яғни кино және телевизияның болашақ қызметкерлеріне тілектерін білдіріп, ақ жол тіледі. Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директоры Бектас Мұхамеджанов бітіруші түлектерді ойдағыдай сәтті жазылған жұмыстарымен құттықтап, оларға алдағы уақытта шығармашылық табыстар тіледі.