ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

«Жалынды жүрек көктемі»

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының грант иегерлері мен Лауреаттарының «Жалынды жүрек көктемі» мерекелік концерті

2010 жылы, 6 наурызда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында «ЖАЛЫНДЫ ЖҮРЕК КӨКТЕМІ» атты мерекелік концерт өтті.

Концертке Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының грант иегерлері мен Лауреаттары, Халықаралық байқаулардың Лауреаттары, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке орындаушылары қатысты.

МЕДЕТ ШОТАБАЕВ - тенор, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке орындаушысы. Глинка атындағы халықаралық вокалистер байқауының 1-ші орын иегері;

 

 

 

 

 

ЖҰПАР ГАБДУЛЛИНА – сопрано, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке орындаушысы. «XXI ғасыр өнері» Халықаралық байқауының Гран-при иегері және лауреаты. Украина, Киевқ;

 

 

 

 

 

ДИНА ХАМЗИНА - меццо-сопрано, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке орындаушысы. Халықаралық байқаулардың Лауреаты, Голливудтың 3 алтын, 1 күміс медальдарының иегері;

 

 

 

 

 

МЕЙІР БАЙНЕШ - тенор, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке орындаушысы. Мәскеу қаласында өткен Халықаралық «Романсиада» байқауының I премиясының лауреаты. Н. Тілендиев атындағы Халықаралық байқаудың Гран-при иегері және лауреаты.

 

 

 

 

 

ГАУХАР ТАСБЕРГЕНОВА - концертмейстер, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының оқытушысы. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы шығармашыл жастар Кеңесінің төрайымы. «Үздік концертмейстер» дипломымен марапатталған. Қазақстан және Ресей елдерінде концерттік бағдарламаларға қатысқан.

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің қатысуымен.

НҰРЖАН БАЙБОСЫНОВ -  Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері. М.Джалиль атындағы Татар мемлекеттік академиялық опера және балет театрының шақырылған дирижері.

 

 

 

 

 

 

Бағдарламада орындалатын шығармалар:

М.Глинка, С.Рахманинов, Ғ.Жұбанова, А.Варламов, Абай, Дж. Пуччини, Дж. Верди және т.б.

Аталмыш іс-шара барысында ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры ұйымдастырған «Кезеңдік қазақ романстары» композиторлар байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтеді.

Байқауға 8 кезең ұсынылған. Белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінен тұратын байқау комиссиясы жұмыс нәтижесі бойынша 3 жеңімпазды анықтады.

Концертке мәдениет және өнерге еңбегі сіңген қайраткерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек ардагерлері шақырылған.

Фотоматериалы с проведенного мероприятия