| |
2007 жылдың 14 желтоқсанында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры бірінші Республикалық жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді
"Қазіргі Қазақстандағы инновациялық даму мен ғылымның талабы" атты конференция Қазақстанның Тәуелсіздік Күніне арналып өткізілді. Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Жас ғалымдар кеңесі
Конференция жұмысына министрлік өкілдері, мекемелер, Жоғарғы Оқу Орындарының және ғылыми-зерттеу институттарының басшылары қатысты. Пленарлы отырыста Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.К.Түймебаевтың құттықтау хаты оқылды, сондай-ақ сөз алғандар:
Б.Г.МҰХАМЕДЖАНОВ – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директоры
Т.С. САДЫҚОВ – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің ректоры
С.Т. СЕЙДУМАНОВ – Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Н.С. БЕКТҰРҒАНОВ – «Жер ғылымы, металлургия және қорландыру орталығы» АҚ-ның Президенті
А.Ф. ЦЕХОВОЙ – Халықаралық ақпартану Академиясының Бірінші вице-президенті, Қазақстан Республикасы «Нұр Отан» партиясы фракциясының Әлеуметтік кеңес мүшесі
К.Т. АРЫНОВ – А.Б. Бектуров атындағы химиялық ғылым Институтының директоры
Конференция барысында Қазақстан Республикасының жас ғалымдарының өзара жұмыс жасауларының тиімділігін арттыру басты назарға алынды. Заманауи зерттеулердің аса маңызды жақтары қаралып, алынған бағыттардың болашақта дамуын қолдау жағы сөз болды.
Конференцияға қатысуға Қазақстанның әр аумағынан 150-ге тарта жас ғалымдар қатысты. Көтерілген мәселелерде салмақты болды. Конференцияның ашылуына жасалған жұмыстардың негізгі материалдарынан арнайы жинақ әзірленді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға біріктіруге көмек беруде
2008 жылдың наурыз айында Алматы қаласында өткен Әлеуметтік идеялар және жобалар Жәрмеңкесінде, «Спешиал Олимпикс Қазақстан» республикалық қоғамдық қайырымдылық бірлестігінің Батыс Қазақстандық бөлімшесінің «Ақыл-есі шектеулі жандарға арналған спорттық клуб» жобасын Қор белгілеген болатын.
Жаздық және қыстық спорт түрлеріне дайындалу арқылы, ақыл-есі шектеулі жандардың дамуына ықпал ету үшін, клубты керекті құрал-жабдықтармен жабдықтау мақсатында Қор футбол және волейбол доптарын, футбол торларымен қалқандар және волейбол керегекөздерін т.б алды.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры балалар үйлерінде тәрбиеленуші балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры «Аяла» және «Дара» қорларымен бірге 1 маусым күні Алматы облысының №1-ші балалар үйінің және оңтүстік астананың №1-ші, №2-ші балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.
Осы аталған үш балалар үйінің әрқайсысы Қордан видеокамера, сандық фотоаппарат, принтер және керекті қосымша заттар сыйға алды.
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорына қаржылай көмек көрсеткендері үшін алғыс білдірді
10 маусым күні Астана қаласында елімізідің астанасының 10-жылдығына арнайы ұйымдастырылған, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай» республикалық шығармашылық фестивалінің соңғы айналымы өтті. Ең талантты балалар гала-концертте өз аймақтарының атынан өнер көрсетті.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің үндеуін қарап, Республикалық фестивальдің өтуіне қаржылай көмек көрсету мақсатында 1000000 теңге сомасындағы қаржыны фестивальдің ұйымдастыру комитетіне жіберді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры Астананың 10 жылдығына және Елбасының туылған күніне мерекелік акция ұйымдастырды.
Қор «Жасыл Ел» жастар еңбек отрядының штабымен және Қарасай аудандық білім Қорымен бірге 5 - 7 шілде аралығында Астананың 10 жылдығына және Елбасының туылған күніне арнап мерекелік акция ұйымдастырды
Бұл күндері Астана және Алматы қалаларында және Алматы облысы, Қарасай ауданында аспанға «Туылған күніңмен!» деген жазуы бар мыңдаған түрлі-түсті шарлар ұшырылды. Шара Астана күні туралы қаланың мерекелік акциялары барысында өтті.
№1-ші Алматы облысының балалар үйімен №1, №2-ші Алматы қалалық балалар үйлерінің балаларына жазуы бар шарлар ұшырылып, сурет көрмесі және мерекелік концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.
Маңғыстау облыстық балалар үйінің әкімшілігі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорына алғыс айтты
2008 жылдың 7-мен 13-ші қыркүйек аралығында Баку қаласында, балалар үйінде және интернатта тәрбиеленетін балалардың көркемөнер шығармашылығының «Дан Улдузу» (Азербайджан) Халықаралық фестивалі өткен.
Аталмыш фестивальді ұйымдастырушылардың үндеуін қарап, Қор Маңғыстау облыстық балалар үйіне қаржылай көмек көрсетті. Фестивальге қатысатын балалардың барып-келетін қаржылай шығындары төленді.
Қордың бір бағыты жас таланттарға қолдау көрсетіп, адамның рухани жетілуіне көмектесу болып табылады. «Дан Улдузу» фестивалі де тұлғаның рухани дамуына, өскелең ұрпақтың ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты құрметтеп өсуіне бағыт беріп, тәрбиелейді.
Фестивальге Үндістан, Пәкістан, Түркия, Украина, Ресей елдерінен келген балалар үйінде тәрбиеленуші балғындар қатысты. Маңғыстау облыстық балалар үйінің балалары әндерден тұратын концерттік бағдарлама қойып, халық билерін көрсетіп, фестивальдің дипломдарымен марапатталып, ұйымдастырушылар алқасынан құнды сыйлықтар алды
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры «Балақай» жобасын жүзеге асыруға қатысты
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қор нәрестелер арасындағы өлім санын азайтуға ат салысу үшін, «Дара» Жеке қорымен «Балақай» жобасын жүзеге асыруға ынтымақтасқан болатын.
Қор Медициналық анықтаманың аудармасын жасауға және Алматы қаласындағы Ұлттық ғылыми педиатрия институтының нәрестелер жан сақтау бөлімінде тіршілік әрекетке қолдау көрсететін орталық катетерді ендіруге видео тұсаукесер тренингін өткізуге қаржылай көмек көрсетті.
|
|