БЕЙНЕМАЗМҰН
Бүгін Алматыда қатерлі ісікпен ауыратын науқастарды қолдауға бағытталған қайырымдылық кеші өтеді. «Хабар» телеарнасы, 17.02.2012 ж.

Қазақстан және БҰҰ-ң ынтымақтастығына 20 жыл. «Хабар» телеарнасы, 15.02.2012 ж.

Алматыда жас суретшінің «Мың бір түс» көрмесі ашылды. «КТК» телеарнасы, 10.02.2012 ж.

ЖАҢАЛЫҚТАР
16/02/2012
Әлемдегі ең алғашқы көрінбейтін мұнара Кореяда салынады
Оңтүстіккореялық сәулетшілер ойлап тапқан бұл жоба әлемнің сегізінші кереметі атана алады. Бұл әлемдегі ең алғашқы Tower Infinity атты көрінбейтін мұнара.

16/02/2012
2012 жылы «E-learning» жобасы 537 білім беру ұйымында енгізіледі
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Бақытжан Жұмағұлов айтты.

16/02/2012
Қаныш Сәтбаев энциклопедиясы жарық көрді
Қазақстандағы жеке тұлғаларға арналған энциклопедиялар қатары «Қаныш Сәтбаевпен» толықты.

16/02/2012
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан голландиялық «NSS-14» жер серігі ұшырылды
Кеше Астана уақытымен түнгі сағат 1-ден 36 минут кеткенде «Байқоңыр» ғарыш айлағының 200-інші ұшыру кешенінен «Бриз-М» үдеткіш блогы мен «NSS-14» коммунакациялық ғарыш аппараты бар «Протон-М» ғарыштық мақсаттағы ракетасы ұшырылды.

16/02/2012
Колумбиялық тауық «алып» жұмыртқа салды
Колумбиялық фермер Эрнандо Ниньоның Франсискана атты тауығы «алып» жұмыртқа салды. Ниньо 245 грамдық жұмыртқа Гиннестің рекордтар кітабына енетініне сенімді.


Әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесі 2012

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры 2012 жылдың 16 наурызында Алматы қаласында өтетін «Әлеуметтік инновациялар арқылы қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға» тақырыбындағы әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесіне қатысуға шақырады.

толығымен...


шаралар

«Қазақстан – Қатерлі Ісікпен Күресейік» Ұлттық Қайырымдылық Шарасы

2012 жылдың 17 ақпанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының конференц-залында қайырымдылық кешке және "Менің Жұлдызым" атты музыкалық-деректі фильмге арналған баспасөз конференциясы өтті. Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры, «Қатерлі ісікпен күресейік» Қайырымдылық Қоры, «Дегдар» Қоғамдық Қоры және Fashion Media Group Компаниясы кино әлемінің көшбасшысы «Eurasia Film Production» кинокомпаниясымен бірге “Universal Music Russia” компаниясымен ынтымақтасып, Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған қайырымдылық кеш және Қазақстанның опера әншісі – Дариға Назарбаеваның қатысуымен "Менің Жұлдызым" атты музыкалық-деректі фильмін ұсынады. Аталған қоғамдық-әлеуметтік жоба қазақстандық онкологиялық науқастарды қолдауға бағытталған.

толығымен...


Қазақстан – БҰҰ: ынтымақтастықтың 20 жылы

2012 жылдың 15 ақпанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының қолдауымен Қазақстанның БҰҰ енгеніне 20-жыл толуына арналған Қазақстан – БҰҰ: ынтымақтастықтың 20 жылы тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

1992 жылғы 2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында 46/224 резолюциясымен осы ұйымның мүшелігіне өткен Қазақстан бүгінде дүниежүзілік қоғамдастыққа бірігіп қана қоймай, сонымен қатар, онда өзінің лайықты орнын таба білді.

толығымен...


шаралар

«Мың бір түс»

2012 жылдың 10 ақпанында сағат 17:00-де Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қаржылай қолдауымен жас, республикаға танымал талантты суретші Құралай Үмбетованың – «Мың бір түс» атты алғашқы жеке көрмесі ашылды. Ол республикалық жастар көрмелері мен байқауларының белсенді қатысушысы, жас суретшілердің халықаралық «Жігер» фестивалінің лауреаты, «Тыныштық» көркем шығармасы үшін «Шабыт» сыйлығының иегері.

толығымен...


ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел

2012 жылдың 2 ақпаны күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының жанындағы жас ғалымдар Кеңесі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауына арналған дөңгелек үстел өткізді.

Елбасының Қазақстан халқына жолдауы – еліміздің негізгі қызмет бағыттарын анықтайтын маңызды стратегиялық құжат болып табылады.

толығымен...


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ– ЕЛБАСЫНЫҢ ҚОРЫ

жас ғалымдар арасында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге «Ғылыми зерттеулерге гранттар» байқауын жариялайды.

 толығымен...


студенттер арасында табиғи, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік ғылыми жұмыстар үшін республикалық байқау жариялайды.

 толығымен...


жас ғалымдар мен оқу орындарының студенттеріне Қазақстанда және шет елдерде өткізілетін ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, семинарлар мен Конгрестерге қатысуға мүмкіндік беретін «Сапарларға гранттар» байқауын жариялайды.

толығымен...


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫНЫҢ ҚОРЫ

Жариялайды:

- Қазақстан Республикасында және шетелдерде өткізілетін байқауларға, фестивальдерге, сынақ мерзімін өткізуге, симпозиумдерге, шеберлік-кластарынға, биенналеге және конференцияларға мәдениет пен өнер саласындағы қазақстандық жас қайраткерлер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуы үшін «Сапарларға гранттар» байқауына гранттар қарастыруға байқау.

толығымен...


- мәдениет пен өнер саласындағы шығармашылық жобаларды қолдауға гранттар қарастыруға байқау.

толығымен...


 
Елбасының дәйексөзі

Жас кәсіби мамандар ел
өмірінде болып жатқан
үдерістерде өз орнын тауып,
болашақты орнатуға белсенді
қатысуы керек.

ҚР Президенті
Н.Назарбаевтың
Қазақстан халқына
Жолдауы
(2008 жылғы ақпан)

 

ҚОР ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
 


ГАЛЕРЕЯ