ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Алып Қазақстан Эйндховенде

Алып Қазақстан Эйндховенде

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен 2009 жылдың мамыр айында Эйндховен қаласында (Нидерланды) жас суретшілердің «Алып Қазақстан» атты көрмесі өтті. Әлемді төрт жылдан бері саяхаттап жүрген аталған жылжымалы көрмені «HAS SANAT» галереясы ұйымдастырған. Экспозицияның мақсаты – шетел қоғамына Қазақстанның қазіргі көркем өнерін таныстыру болып табылады.

Аталмыш жоба тәуелсіз Қазақстанның байсалды сөзге арқау болуын қамтамасыз етуге, еліміздің жетістігімен құндылықтарын бағалай білуге бағытталған. Көрмеге қатысушылар жұмыстардан: басқыншылықтың жоқтығын, үйлесімділікке талпыну, табиғат пен адамның бірігуі, қарапайым және адами құндылыққа қуана білу сияқты рух берер маңызды ерекшеліктерді байқаған.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қолдауы арқылы жобаның көлемі едәуір кеңеюде. Алматы қаласында өткен «Жас серпін» көрмесінен кейін экспозиция жас суретшілердің жаңа жұмыстарымен толықты.

Эйндховен Нидерландының Дизайн астанасы болып саналады. Көрменің ашылу салтанатына Қазақстанның Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Майнура Мурзамадиева, Нидерланды мәдениет комиссары Миттендорф, «Филипс Дизайнның» бұрынғы директоры Питер Нахелкерк, Беларусь Республикасының құрметті консулы Эйндховене Хенни Куюкен, сондай-ақ, атақты голландық суретшілер қатысты.