ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Балқия Жамбурчинова Сеулде өткен II Халықаралық балет әртістерінің байқауында дипломант атанды

Балқия Жамбурчинова Сеулде өткен II Халықаралық балет әртістерінің байқауында дипломант атанды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының грант иегері, А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің түлегі, балет әртісі Балқия Жамбурчинова (суретте) Сеулде (Корея) өткен II Халықаралық балет әртістерінің байқауында дипломант атанды.

Аталмыш байқау Халықаралық балет байқаулары Федерациясының бастамасымен екі жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Сайысқа Корея, Жапония, Болгария, АҚШ, Куба, Украина, Белоруссия, сондай-ақ Үлкен және Мариин (Ресей) театрларының әртістері қатысқан.

60-қа жуық байқауға қатысушылардың ішінде 6 адам А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің атынан қатысты. Айта кету керек біздің елден барғандар байқауға ең жас қатысушылар болды.

Қатысушылар жоғарғы дәрежедегі орындаушылық пен кәсіби шеберліктерін көрсете алды. Байқауда қазақстандық ұстаздардың дайындаған түлектері қазақ мектептерінің шетелдік балет конкурстарында бәсекеге түсе алатындығын көрсетіп, беделі арта түсті.

Диплом участницы