ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Жас ғалымдар кеңесі

Жас ғалымдар кеңесі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы жас ғалымдар кеңесі Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған, Қазақстандық және шетелдік ғалымдармен, зерттеу мекемелерімен әрекеттесіп жұмыс жасауға бағытталған, мемлекеттің өзекті сұрақтарына арналған ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа байланысты ұсыныстарды жүзеге асыратын орын болып табылады.

 

Жас ғалымдар кеңесіне физиктер, математиктер, химиктер, философтар, экономистер, филологтар, кеншілер кіреді. Барлығы 25 адам, аймақтардан бес адам. Төрайымы Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтік кафедрасының профессоры Гульмира Абдирайымова.

 

Кеңестің негізгі мақсаты және міндеттері:

 

  • Қазақстан Республикасының болашағын жобалау процесіндегі жас ғалымдардың басты ұстанымдарын қолдау және дамыту;
  • Қазақстандық жас ғалымдардың жеткен жетістіктерін насихаттау, олардың еңбектерін нарықтық қарым-қатынаста қолдануды арттыру;
  • Ғылыми конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, көрмелер ұйымдастыру;
  • Жас ғалымдардың қатысуымен республикалық және аймақтық деңгейдегі ғылыми шаралар өткізу;
  • Ғылыми мектептерді сақтау және дамыту, ғылыми ұрпақтың сабақтастығы, Қазақстан Республикасының зиялылық әлеуетін өсіру;
  • Шетелдерде жұмыс жасайтын қазақстандық талантты жас ғалымдарды қолдау және елге тарту барысында жүйелік жұмыстар жүргізу.

 

Положение о Совете молодых ученых при Фонде первого Президента Республики Казахстан далее...