ЖАҢАЛЫҚТАР
19/01/2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды.

19/01/2012
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

19/01/2012
«KazSat-3» ғарыш аппараты штаттық пайдалануға 2014 жылы көшеді
Қазақстанда Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ғарыш саласы дамып келеді. Ұлттық ғарыш агенттігі толыққанды ғарыш саласын құру үшін нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

19/01/2012
Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның бас директоры белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

19/01/2012
Түркиялық Сұлтан Көсен - әлемдегі ең ұзын Адам
Түркиялық Сұлтан Көсен 2010 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына 2 м. 46,5 см бойымен енген болатын, қазіргі таңда оның бойы мен қол-аяғы әлі де өсу үстінде.

Қызмет нысанасы
Қор қызметінің нысаны:

- қазақстандық патриотизм мен мемлекеттілік идеясын насихаттау;

- қоғам өмірінде өнегелілікті күшейту, мәдениетті, ғылым мен білімді дамыту;

- Қазақстан Республикасы егемендігі мен мемлекеттілігін нығайтуда, Қазақстан халқын біріктіруді қамтамасыз етуде, мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуда, экономика, мәдениет, ғылым, ағартушылық пен денсаулық сақтау саласын дамытуда өзіндік үлес қосқан жеке азаматтарды қолдау;

- талантты жастарды ынталандыру, сол сияқты жекеленген ғалымдардың, шығармашылық қызметкерлердің, студенттер мен ғылыми ұжымдардың ең маңызды зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету;

- халықаралық қызметті жүзеге асыру, бірлескен халықаралық бағдарламаларға, түрлі жобаларға, халықаралық конгрестерге, симпозиумдарға, басқа да шараларға қатысу;

- қайырымдылық және баспалық қызметті жүзеге асыру.

Қор жанында мыналар жұмыс істейді: Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы, ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы, Жас ғалымдар кеңесі және Шығармашылық жастар кеңесі.

Әлемдік экономика мен саясат институты. Институттың қызметі әлемдік экономика, халықаралық қатынас, геосаясат, интеграция, еуразияшылдық мәселелерін ғылыми тұрғыда зерттеуге және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметін, оның халықаралық қатынасқа және тұрақтылық пен бейбітшілікті қалыптастыруға қосқан үлесін зерттеуге бағытталған. Сонымен қатар, институт қызметіне елде және шетелде Қазақстан туралы шынайы, обьективті ақпаратты насихаттау да кіреді. Халықаралық қарым-қатынас орнатып, алыс және жақын шетелдегі жетекші ғылыми және аналитикалық мекемелермен ынтымақтастықты қалыптастыру, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылыққа үлес қосу да көзделген.

Жас ғалымдар кеңесі. Қазақстан мен шетелдегі зерттеу ұйымдарымен және ғалымдармен байланыс орнатуға бағытталған консультативті-кеңестік орган. Кеңес мемлекеттік ғылыми-техникалық инновациялық саясат мәселесі жөнінде ұсыныстарды талқылауға міндетті. Кеңестің құрамын республикамызда және шетелдегі ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыс істейтін отандық ғалымдар құрайды. Өз қызметі аясында Жас ғалымдар кеңесі дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, ғылыми конференциялар, форумдар мен пресс-конференциялар, семинарлар мен тренингтер, презентациялар, байқаулар, акциялар өткізіп, әлеуметтік зерттеулер жүргізеді. Кеңестің негізгі қызметіне сонымен қатар, жас ғалымдардың мәліметтер банкін, жоғарғы оқу орындар, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарында жас ғалымдар желісін құру кіреді.

Шығармашылық жастар кеңесі. Қазақстан жастарының шығармашылық мүмкіндігін ашып көрсететін және шоғырландыратын консультативті-кеңестік орган. Кеңестің құрамына республикамыздың түрлі шығармашылық одақтарының өкілдері кіреді. Олар Сәулетшілер одағы, Кинематографистер одағы, Дизайнерлер одағы, Жазушылар одағы, Суретшілер одағы және басқалар. Өз жұмысының аясында Шығармашылық жастар кеңесі түрлі көрмелер, байқаулар, фестивальдар мен концерттер, конференциялар ұйымдастырады.